Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудан депутаттары

Алматы қаласы Наурызбай ауданы Мәслихаты депутаты

Абдуллаев  Марат  Шадыбайұлының  өмірбаяны

Абдуллаев Марат Шадыбайұлы, 1957 жылдың 28 наурызында Қызылорда қаласында туылған, ұлты – қазақ.

1964 жылдан 1974 жылға дейін орта мектепте оқыған.1974 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түсіп, оны 1980 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 1980 жылдың тамызында Қызылорда облысының ауруханасына дәрігер – хирург қызметіне қабылданып, онда 1983 жылдың тамызына дейін жұмыс істейді.

1983 жылдың тамызынан 1985 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласының №1 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып еңбек етеді. 1985 жылы А.Н.Сызганов атындағы қазақ клиникалық және эксперименталдық хирургия ғылыми - зерттеу институтының клиникалық ординатурасына түсіп, бүкіл оқу мерзіміне РСФСР ДМ проктология ҒЗИ Мәскеу қаласына жолдама алады. Ал 1988 жылы ординатураны бітіргеннен кейін ҚАЗО иРЭЗИ абдомикалық онкохирургия бөлімшесіне аға лаборант болып қабылданады.

1989 жылы «Ректоселенің клиникасы, диагностикалау және емдеу» тақырыбына медицина ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғайды. 1989 жылдың мамырынан ОҚКА–да колопроктология бөлімшесінде дәрігер, 1992 жылдан осы бөлімшенің меңгерушісі болып қызмет етті. 1997 жылы, «Шап аралығының ісіксіз этиологиялы аурулары бар әйелдерді медициналық сауықтыру» тақырыбында медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация қорғайды.

2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы болып тағайындалады. 2007 жылы, Алматыға оралып, АМДЖИ-дің амбулаториялық хирургия және колопроктология кафедрасында қызмет атқарады. 2012 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Алматы қаласы ШЖҚ «ОҚКА» МҚК директоры болып қызмет көрсетіп келеді.

Халықаралық медициналық форумдарға қатысу мақсатымен шетелдерде бірнеше мәрте болып, 2 ғылым докторы мен 8 ғылым кандидатын даярлап шығарған. 2 монографияның, 137 мақаланың және 12 жаңалық авторы.

Мадақтамалары:

2004 жылы «Құрмет» орденімен, 2012 жылы «Алтын дәрігер» белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, 2015 жылы «Нұр Отан» партиясының медалі, «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен, «Қазақстан конститутциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұлттық палатасының кәсіби еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталған.

2016 жылдың 21 наурызынан дауыс беру нәтижесінде, Алматы қаласы Наурызбай ауданы №17 округының Мәслихат депутаты болып сайланды

№17 сайлау округы аумағы

Округтың шекарасы:

Іле - Алатауы ұлттық саябағы шекарасының Ақсай өзенімен қиылысынан солтүстік бағытта, Ақсай өзенінің шығыс жақ бойымен Тастыбұлақ өзенімен қиылысына дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс бетімен, солтүстік бағытта, әрі қарай «Алатау» емдік-сауықтыру орталығының батыс және солтүстік шекарасын айналып өтіп, Шаляпин көшесіне дейін.

Шаляпин көшесінен шығыс бағытта (оңтүстік беті), Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзені бойымен оңтүстік бағытта (батыс беті) Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесі бойымен (оңтүстік беті) шығыс бағытта және Таугүл-3 ықшамауданы шекарасына дейін.

Таугүл-3 ықшамауданының оңтүстік-батыс шекарасы бойымен оңтүстік бағытта (батыс беті) Рахат шағынауданына дейін. Рахат шағынауданының солтүстік жағымен шығысқа қарай Асқаров көшесіне (оңтүстік беті) дейін. Асқаров көшесі бойымен шығыс бағытта Саин көшесіне дейін. Саин көшесі бойымен шығыс бағытта (оңтүстік беті) Орбита -4 ықшамауданының 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28, 11 үйлерін қоса Навои көшесіне дейін. Навои көшесі бойымен (батыс беті) солтүстікке қарай Біржан көшесіне дейін, Орбита-2 ықшамауданы үйлері, 1, 2, 6 үйлер. Навои көшесімен оңтүстікке қарай 310А үйге дейін. 310А үйден шығысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін, әрі қарай Үлкен Алматы өзені бойымен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін, Әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан 125, 127, 129, 135, 135А үйлерді және Навои көшесі бойында орналасқан 310А, 316, 318, 320, 322, 324, 326, 328, 330, 332 үйлерді қоса.

Әл-Фараби даңғылы бойымен шығысқа қарай (оңтүстік беті) Алатау шағын ауданына дейін. Әл-Фараби даңғылынан Алатау шағын ауданының батыс шекарасы бойымен (батыс беті) оңтүстікке қарай, әрі қарай Алатау шағын ауданының Самал көшесімен Нұрлытау шағынауданының солтүстік шекарасына дейін. Нұрлытау шағынауданының шығыс шекарасының бойымен оңтүстікке қарай Наурызбай ауданының шекарасына дейін. Наурызбай ауданы шекарасы бойымен оңтүстік батысқа, әрі қарай батыс, әрі қарай солтүстікке Ақсай өзенімен қиылысына дейін. Округ шекарасына Тастыбұлақ, Таусамалы, Қарағайлы, Қарғалы, Құрамыс, Ақжар, Рахат, Қалқаман-2 оңтүстік бөлігі, Дарын, Мирас, Хан-Тәңірі, Нұрлытау шағын аудандары қосылады.

Дата публикации
29 августа 2020
Дата обновления
29 августа 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

31 августа 2026
🤝 Ашықтық пен адалдық - халық сенімінің негізі
03 июля 2026
«ҚҰРЫЛТАЙ-2026»
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы