Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Тоғызбаева Н.А. халықпен кездесулерінде жүйелі түрде көтерілетін мәселелерді қарастыру және шешу барысы туралы ақпарат  

Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Тоғызбаева Н.А. халықпен кездесулерінде жүйелі түрде көтерілетін мәселелерді қарастыру және шешу барысы туралы ақпарат

 

№

Сұрақтар

Мазмұны

Шешу жолы

1.      

Таусамалы, Таужолы, Қарғалы, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Құрамыс шағынаудандарында су тапшылығы

 

ЭжСЖБ

Судың белсенді тұтынылуына және су құбыры жүйесіндегі қысымның төмен болуына байланысты жекелеген шағынаудандарда су тапшылығы байқалады. Ішуге арналған судың уақытша болмау кезеңінде Наурызбай ауданы әкімі аппараты тарапынан таза су 10 бірлік арнайы техникамен жеткізіледі (4-еуі – «Алматы Су» ШКК, 6-ауы – жекеменшік).

Наурызбай ауданындағы су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында ЭжСЖБ тапсырысы бойынша «Қарғалы» және «Ақсу» суқабылдау станциялары құрылыстары жүзеге асырылуда.

«Қарғалы» суқабылдау қондырғысы (тәулігіне 15 мың м³) 2023 жылдың желтоқсанында аяқталды, қосымша ұзындығы 8,6 км болатын кәріз коллекторының құрылысы жүріп жатыр, оның аяқталуы – 2025 жылдың шілде айына жоспарланған. Жоба Қарағайлы, Қарғалы, Таусамалы және Құрамыс шағынаудандарының шамамен 50 мың тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етеді. Пайдалануға беру – ағымдағы жылдың 4-тоқсанына жоспарланған.

«Ақсай» суқабылдау қондырғысының құрылысы 2022 жылдан бері жүргізілуде, пайдалануға беру – 2025 жылдың қараша айына жоспарланған. Жоба Наурызбай және Қарасай аудандарының 140 мың тұрғынын сумен қамтитын болады.

2.      

Қарағайлы, Құрамыс, Таусамалы, Ақжар және Таужолы шағын аудандарында электр энергиясының тұрақты түрде ажыратылуы

 

ЭжСЖБ

Негізгі проблема – электрмен жабдықтау желілерінің тозуы (85%-дан астам), трансформаторлық қосалқы станциялардың шамадан тыс жүктелуі, сондай-ақ аталған шағын аудандардағы бау-бақша серіктестіктерінің жеке қарамағында тұрған және иесіз желілердегі трансформаторлық қосалқы станциялар.

ЭжСЖБ тапсырысы бойынша «Тараз Энерджи» ЖШС мердігер ұйымы 2021 жылдың қазан айынан бастап «Наурызбай ауданындағы иесіз электр желілерін және жабдықтарын реконструкциялау» жобасын жүзеге асыруда (бөлінген сома – 1,3 млрд теңге).
Жоба аясында қарастырылғаны:

·         1231 электр бағанасын ауыстыру;

·         11,5 км кабельдік электр беру желілерін ауыстыру;

·         26,4 км әуе желілерін орнату;

·         26 трансформаторлық қосалқы станция орнату.

Шарт бойынша аяқталу мерзімі – 2025 жылғы желтоқсан (2021 жылдан бері 10 қосымша келісім жасалды).
Бүгінгі күні 854 бағана орнатылды, 11,2 км кабельдік желі төселді, 20,6 км әуе желісі тартылды.

 

3.      

Электр желілерін беру

 

ҚБ

ЭжСЖБ

 

Құрылыс басқармасының тапсырысымен 2017–2023 жылдар аралығында «Шұғыла» шағын ауданында (ТК «Шұғыла», ТК «Шұғыла Сити», ТК «Alma City 3, 4/1, 5», ТК «Әлем сити», ТК «Нұрлы дала» – барлығы 140 көппәтерлі тұрғын үй) 2 қосалқы станция, 15 тарату пункті, 34 трансформаторлық қосалқы станция және 110 км электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілді.

2025 жылғы 16 шілдеде қала әкімдігінің қаулысына сәйкес желілер 1 жыл мерзімге «АЖК» АҚ сенімгерлік басқаруына берілді.

 

Решение проблемных вопросов
Дата публикации
23 сентября 2025