НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Мемлекеттік қызмет: "Реабилитацияланған адамға куәлік беру"

  1. Қызметті көрсету негізі

Қызмет Қазақстан Республикасының «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 2022 жылғы 12 қарашадағы №157-VII ҚРЗ Заңына сәйкес көрсетіледі.

 

29-бап. Реабилитацияланған адамға куәлік беру

Заңның толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000157

 

  1. Кімдер куәлік ала алады?

Заңда белгіленген тәртіппен реабилитацияланған тұлғалар

Реабилитацияланған тұлғалардың туыстары (ол қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен жағдайда)

 

  1. Қайда жүгінуге болады?

Өтініш беруге болады:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО)

eGov.kz порталы арқылы Наурызбай ауданы әкімдігіне

 

  1. Қажетті құжаттар:

Жеке куәлік

Реабилитация туралы шешім (сот немесе уәкілетті органнан)

3,5х4,5 см фотосурет – 2 дана

Туыстықты растайтын құжаттар (өтінішті туысы берген жағдайда)

 

  1. Қызмет көрсету мерзімі:

Құжаттар толық тапсырылған күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін

 

  1. Қызмет нәтижесі:

Реабилитацияланған тұлға куәлігін беру

Немесе негізделген бас тарту

 

  1. Қызметтің құны:

Тегін

 

  1. Байланыс деректері:

ХҚКО Наурызбай ауданы

Мекенжайы: Шұғыла көшесі, 347/1

Байланыс нөмірі: 1414

Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, сағат 9:00–18:00 (түскі үзіліс 13:00 _14:00)

 

НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫНЫҢ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Мемлекеттік награда: "Алтын алқа" және "Күміс алқа"

  1. Наградтаудың негізі

Мемлекеттік награда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік наградалар туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 Жарлығымен беріледі.

Жарлықтың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U950002676_

  1. Награда алуға құқығы барлар:

"Алтын алқа" — жеті және одан көп бала туып, тәрбиелеген аналарға беріледі

"Күміс алқа" — алты бала туып, тәрбиелеген аналарға беріледі

Барлық балалар өтініш берілген уақытта тірі болуы тиіс.

  1. Қайда жүгінуге болады?

Өтініш беруге болады:

Наурызбай аудандық әкімдігінің аппараты (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі)

  1. Қажетті құжаттар:

Ана, әке, 16 жастан асқан ересек балалардың жеке куәліктері

Барлық балалардың туу туралы куәліктері

Мектептен, жоғары оқу орнынан анықтамалар

Жұмыс орнынан анықтамалар (жұмыс істейтіндер үшін)

Бұрын алған наградалардың куәлігінің көшірмесі (күміс алқа)

Некеге тұру (ажырасу, қайтыс болу және т.б.) туралы куәлік

Аты-жөнінің өзгергені туралы құжаттар (құжаттарда сәйкессіздіктер болса)

18 жастан асқан балалардың және ата-аналардың сотталмағаны туралы анықтама

Өтініш

 

  1. Байланыс деректері:

Наурызбай аудандық әкімінің аппараты

Мекенжайы: Шұғыла көшесі, 347

Байланыс нөмірі: 3939242, 2 қабат, 212 кабинет

Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, сағат 9:00–18:00 (түскі үзіліс 13:00 _14:00)

 

НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Мемлекеттік қызмет: Үйде оқыту шығындарын өтеу

 

  1. Қызметті көрсету негізі

Мемлекеттік қызмет келесі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі:

Алматы қаласы Мәслихатының XXIII сессиясының V 196 шешімі

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқыту ақысын өтеу ережелерімен толығырақ мына сайттан танысуға болады: https://adilet.zan.kz

 

  1. Қызметті алу құқығы кімде бар?

Медициналық көрсеткіштер бойынша үйде оқитын және бұл факт дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысымен расталған балалардың ата-аналары (заңды өкілдері).

 

  1. Қайда жүгінуге болады?

Өтініш беру жолдары:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО)

Электрондық үкімет порталы: eGov.kz

 

  1. Қажетті құжаттар:

Өтініш берушінің жеке куәлігі

Баланың туу туралы куәлігі

Үйде оқыту қажеттілігі туралы ДКК қорытындысы

Мектептен баланың үйде оқытылатыны туралы анықтама

Өтініш

 

  1. Қызмет нәтижесі:

Үйде оқыту шығындарының бір бөлігін өтеу

Немесе дәлелді бас тарту

 

  1. Қызмет құны:

Тегін

 

  1. Байланыс ақпараты:

Наурызбай ауданының ХҚКО

Мекенжайы: Шұғыла шағын ауданы, 347/1

Байланыс нөмірі: 1414

Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 9:00–18:00 (түскі үзіліс: 13:00–14:00)

 

Жадынама

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға:

      1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асуы;

      2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы;

      3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы;

      4) Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы;

      5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергенге дейінгі алты ай ішінде;

     6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дұрыс емес құжаттарды – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады.

     7) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;

     8) учаскелік комиссия –атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген тұрақты және уақытша тіркеудегі адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін   әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссия қордындысы  оң болмағанда;

Қосымша ақпарат:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V230003288

 

 

НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Ыстық және суық судың есептеуіш құрылғыларын орнату және тексеру үшін 3,4 АЕК көлемінде және газ орнатуға келесі азаматтарға әлеуметтік көмек алуға болады:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;

2) көпбалалы отбасыларына;

3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі барларға;

4) зейнеткерлерге.

Талаптары: иелігіңізде жылжымайтын мүлік (үй, жер) 1-ден көп болмауы және отбасының орташа табысы жан басына күнкөріс дейгейінің 3 еселенген мөлшерінен (163 000 тг) аспауы керек. Орташа табысты есептеу үшін сіздің отбасы мүшелеріңіздің табыстары қосылып, адам санына бөлінеді.

Құжаттарды қабылдау Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында жүргізіледі.

 

НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

 Мемлекеттік қызмет: Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмек, арнаулы жүріп-тұру құралдары, тифлотехникалық құралдар, гигиеналық құралдар, Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну, Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну

 

  1. Қызметті көрсету негізі:

              Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32993

              Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32994 болып тіркелді

              Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32988 Заңына сәйкес көрсетіледі.

 

  1. Кімнің мемлекеттік қызметтерді алуға құқығы бар?

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар

  1. Қайда жүгінуге болады?

              Өтініш беруге болады:

              «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО)

              eGov.kz порталы арқылы Наурызбай ауданы әкімдігіне

 

  1. Қажетті құжаттар:

              Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына

              Жеке куәлік

              ЭСҚ (электрондық цифрлық қолтаңба)

 

  1. Қызмет көрсету мерзімі:

              Құжаттар толық тапсырылған күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін

 

  1. Қызмет нәтижесі:

              хабарландыру 1414 немесе негізделген бас тарту

 

  1. Қызметтің құны:

              Тегін

 

  1. Байланыс деректері:

 

ХҚКО Наурызбай ауданы

Мекенжайы: Шұғыла көшесі, 347/1

Байланыс нөмірі: 1414

Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, сағат 9:00–18:00 (түскі үзіліс 13:00 _14:00)

НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

 

  1. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен (163 935 теңге) аспайтын азаматтардың келесі санаттарына жылына бір рет тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 айлық есептік көрсеткіш (27 524 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек төленеді:
  2. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207-бабы 1-тармағына сәйкес жасы бойынша зейнеткерлерге;
  3. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге.

Талаптар:

Иелігінде 1 жылжымайтын мүлік (үй немесе жер телімі) болуы;

Жан басына шаққандағы отбасының орташа табысы үш еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы қажет (яғни, 163 935 теңгеден төмен болуы тиіс).

Орташа табысты есептеу тәсілі: Отбасы мүшелерінің жалпы табысын жинап, отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы есептеледі.

  1. Біржолғы әлеуметтік көмек:

           Егер азамат өмірлік қиын жағдайға тап болса және жан басына шаққандағы табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (109 290 теңге) аспайтын болса, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Талаптар:

Иелігінде 1 жылжымайтын мүлік (үй немесе жер телімі) болуы;

Жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген күнкөріс деңгейінен аспауы қажет (109 290 теңгеден төмен).

Орташа табыс есептеледі: отбасының барлық табыстары қосылып, отбасы мүшелерінің санына бөлінеді.

Қайда жүгінуге болады?

Құжаттарды тапсыру үшін Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына жүгіну қажет.

НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

        Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 100 шешімімен бекітілген «Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету қағидаларына» сәйкес, кондоминиум нысанын басқару мен ортақ мүлікті ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға (телефонға абоненттік төлемнің өсу бөлігінде), мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалануға байланысты шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

         Көмек отбасы бюджетінде аталған қызметтерге жұмсалатын шығындар отбасының жиынтық табысының 5 пайызынан асып кеткен жағдайда көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегін алу үшін тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) барып, төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

 

  1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін түпнұсқа);
  2. Аз қамтылған отбасының кірісін растайтын құжаттар.

Жиынтық табысты есептеу тәртібі тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органмен айқындалады;

  1. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынбайтын мәліметтер үшін);
  2. Жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз ретінде тіркелу туралы құжат;
  3. Балалар мен басқа да асырауындағы тұлғаларға алимент төлеу туралы мәліметтер;
  4. Банк шотының нөмірі;
  5. Кондоминиум нысанын басқару және ортақ мүлікті ұстауға, соның ішінде күрделі жөндеуге байланысты ай сайынғы төлемдер туралы шоттар;
  6. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
  7. Байланыс қызметтері (телефон) үшін шоттар немесе қызмет көрсету шартының көшірмесі;
  8. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жекеменшік тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығындар туралы шоттар.

         Қосымша ақпарат алу үшін Наурызбай ауданы әкімінің аппаратының

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуға болады.

 

Дата публикации
22 августа 2025