Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы»

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына», Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабы 3-тармағына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі өкім ЕТТІ:

  1. 2025 жылдың 19 мамыр мен 19 маусым аралығында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін;
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге №1 қосымшада аталаған әкім аппаратының қызметкерлерінен жұмысшы топ құрылсын;
  3. Құрылған жұмысшы топ, №2 қосымшада көрсетілген Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппаратындағы бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:

- талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге басшылық, үйлестіру және жауапкершілік әкім аппаратының басшысы
Д. Мұхамеджановаға жүктелсін.

   

 

Әкім                                                                                   Н. Тоғызбаева

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Дата публикации
16 мая 2025