2024 жылдағы коммуналдық шаруашылық бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі
«Қарғалы» су станциясы
Қарғалы өзенінде «Қарғалы» су станциясының құрылысы жалғасуда. Алматы қ. Наурызбай ауданының тұрғындарын ауызсумен толық қамтамасыз ету мақсатында «Қарғалы» сүзгі станциясы мен су жинау құрылғысының құрылысы бойынша жұмыстар орындалды (өнімділігі – тәулігіне 15 000 м3., қамту: ш / а. Қарғалы, Қарағайлы, Таусамалы, құрамы - 70 мың адамды құрайды).
Қарғалы су алабының құрылысы 2 кезеңде жүргізілуде.
Су тарту құрылысын салудың бірінші кезеңі 2020 жылы басталды. Ғимарат су қабылдағыштан, магистральдық су құбырынан, су дайындау станциясынан және сүзгі станциясынан тұрады. Жобада көзделген жұмыстар 2023 жылдың желтоқсан айында 100% - ға аяқталды.
V - 4000 м³ таза су резервуарының сыртқы және ішкі беттерін гидрооқшаулау бойынша жұмыстар ҚазҚСҒЗИ ұсынымдарына сәйкес жасалды («Риголит» ЖШС бас мердігері мен ҚазҚСҒЗИ арасында 29.06.2023 ж. №268 шарт жасалды). Таза су резервуарын гидроизоляциясын сумен толтыру арқылы сынау жүргізіледі.
Сонымен қатар, Наурызбай ауданы әкімінің коммуналдық шаруашылық бөлімі аудан тұрғындарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін автоцистерналармен суық (ауыз) суды қамтамасыз етуде. Автоцистерналар (саны 10 бірлік) тұрғындарға суық су беруді апатты түрде тоқтатқан жағдайда беріледі.
«Ақсай» су станциясы
«Integra Construction KZ» ЖШС мердігер ұйымы «Ақсай» су станциясының құрылысын жүргізуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың тамызында басталды. Бүгінгі таңда жұмыстар 50% орындалды. Пайдалануға берілгеннен кейін Алматы облысы Қарасай ауданы Таужолы, Тастыбұлақ, Таусамалы, Ақжар, Шұғыла шағын аудандары және Жаңатұрмыс, Қырғауылды ауылдары 100 мың тұрғынды қамти отырып, сумен қамтамасыз етіледі. Жобалық қуаты тәулігіне 22 000 м³. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2025 жылдың қараша айының соңына дейін жоспарлануда.
Алматы қ. Наурызбай ауданының электр желілерін жаңғырту бағдарламасы аясында «Алматы қ. Наурызбай ауданының иесіз электр желілерін реконструкциялау» нысаны жобаланды, оның авторы «Компания Тырна» ЖШС болып табылады, Тапсырыс беруші Алматы қ. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы болып табылады, техникалық қадағалауды «Музтау» ЖШС, «Энерджи-Тараз» ЖШС бас мердігерлік ұйымы жүзеге асырады. Халықты қамту 14,7 мың тұрғынды құрайды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың 1 шілдесінен басталды. Қазіргі уақытта тіректерді орнату жұмыстары жүргізілуде (854 тірек орнатылды. 1231 данадан), 11,5 шақырымнан 11,2 шақырым кабель желілері салынды. 26,4 шақырымнан 12 шақырым электр желісі созылды. 24 данадан 15 дана трансформаторлық қосалқы станция жасалды. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Ағымдағы жылы коммуналдық шаруашылық бөлімі РЭС-3 «АЖК» АҚ-мен бірлесіп, Таусамалы, Тастыбұлақ шағынаудандарында қысқыштарды ауыстыру, электр жаңғақтарды ауыстыру, электрмен жабдықтауды сапалы жеткізу үшін электр беру желісін бұтақтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
2023 жылы демеушілік қаражат есебінен ("Halyk Bank АҚ" қайырымдылық қоры) ХӘОТ санатындағы 41 отбасы газдандырылды (24 абонент - тәуекел Н-Алғабас ЖШС , 6 абонент - "Қаз Транс Газ Аймақ" АҚ, 11 "РАДОН" ЖШС, сондай - ақ 41 абонентке қазандықтар мен батареялар орнатылды).
Наурызбай ауданындағы газ желілерінің жалпы ұзындығы: 778,3 шақырым (Оның ішінде 390 шақырым – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, 388,3 шақырым – «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС тиесілі).
Газдандырылмаған абоненттерге жүргізілген тексеруден кейін барлығы 81 абонент анықталды (оның ішінде 67 абонент «Тәуекел Н-Алғабас» ЖШС, 17 абонент «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ).
Оның ішінде аз қамтылған отбасылар 41 абонентті құрайды.
Бүгінгі таңда «Халық банк» АҚ акциясы аясында газ шаруашылығы жеткізушілерімен барлық абоненттер ХӘОТ газбен жабдықтау желілеріне қосылған. 2025 жылы «Халық Банк» АҚ бірлескен бағдарламаны жалғастыра отырып, ХӘОТ 14 абонентін газбен қамтамасыз ету жоспарланған.
«Алматы Су» КММ аппатық қызметінің күшімен есепті кезеңде 377 апаттық жағдай жойылды (жер асты - 181, құдық ішінде - 196).
«Алатау жарық компаниясы» АҚ күшімен есепті кезеңде 68 апаттық жағдай жойылды.
Наурызбай ауданында мемлекеттік қорға жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің 160 аула аумағы бар. Мердігерлік ұйымдар аула аумақтарындағы балалар спорт алаңдарын, аула аумағындағы жаяу жүргіншілер жолдарын (аулаға кіру және одан шығу), үйге іргелес тротуарларды, жасыл желектерді және балалар ойын алаңдарындағы шағын сәулет нысандарын жуу, жинау жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес жүргізеді.
2024 жылғы 28 қарашада Алем Сити-3 және Алма Сити-4/2 мекенжайлары бойынша аула аумақтарын ұстауға шарт жасасу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды. Келісімшарттың жалпы сомасы 54 млн. теңгені құрайды. Өткізілген конкурс нәтижесінде жеңімпаз деп танылған мердігер ұйым "Мұрагер СДА" ЖШС жобаны іске асыруға сәтті қосылды. Ұйым конкурстық құжаттамада және келісімшарт талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес аула аумақтарының жай-күйін сақтауға және жақсартуға бағытталған шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кірісті.
2025 жылға Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен 010 «Жерлеу орындарын ұстау» бағдарламасы бойынша 448 млн. теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді;
- Наурызбай ауданы зираттарының жерлеу орындарын күтіп ұстау бойынша іс-шаралар-98 млн. тг.
- Қарағайлы 8,7 га аумағын ағымдағы жөндеу – 203 млн.тг.
- Қарағайлы зираттарының 0,1 га аумағын ағымдағы жөндеу - 12 млн. тг.
- Наурызбай ауданы мешіті жанындағы Қарағайлы зираттарының 1,1 га аумағын ағымдағы жөндеу - 37 млн. тг.
- Наурызбай ауданы Амангелді көшесінің батысындағы Қарағайлы зираттарының 1,1 га аумағын ағымдағы жөндеу - 65 млн.тг.
- Наурызбай ауданы Тәжиев көшесі бойындағы Қарағайлы зираттарының 0,8 га аумағын ағымдағы жөндеу - 33 млн. тг.
Қала әкімінің 2024 жылғы 26 қарашадағы қаулысы негізінде ауданның 11 зиратына жер учаскелеріне құқық берілді.
Наурызбай ауданы әкімі аппаратымен зираттардың жер учаскелері үшін жерге орналастыру жобасын әзірлеуге ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті «Мемлекеттік Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер институты» (ГИСХАГИ) РМК мердігері анықталды - шарт сомасы 3,3 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта зират учаскелерінің жерге орналастыру жобасының жұмысы толық көлемде басталды. Жұмыстардың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін.
Сондай-ақ, цифрландыру басқармасына 81 бейнебақылау камерасын, жерлеу орындарында 62 баған орнатуға өтінім берілді (Қарғалы, Тәжиев көшесі- 3, Қарғалы, Амангелді көшесінің батысы- 1, Қарағайлы, Тәжиев көшесі- 1, Қарағайлы, Қарағайлы учаскесі- 1). Басқарманың мәліметінше, бейнекамераларды орнату жұмыстары 2025 жылдың қаңтар айында басталады.
2024 жылдың 12 айында 2898 хат келіп түсті, оның ішінде: 296 - қызметтік хат, 178 - заңды тұлғалар, 639 - жеке тұлғалар, 1785 - әлеуметтік желілерден. Барлық жазбаша, ауызша түрде келіп түскен өтініштерге мерзімінде жауап берілді.