Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің 2024 жылдың II тоқсан есебі
2024 жылғы 2 шілде айының жағдайы бойынша аудандағы салық түсімдерінің сомасы 25,9 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 114%. Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 156%. Оның ішінде: республикалық бюждетке 6,4 млрд. теңге, жергілікті бюджетке 19,4 млрд. теңге.
2024 жылғы қаңтар-шілде айының қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 3,4 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 168,8%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 59,7 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 101,8%.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 12,9 млрд. теңгені құрады, көтерме сауда көлемі 2,7 млн. теңге.
Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 23 783, жұмыс істейтіндер- 22 396.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 млрд. теңге сомасына 51 жоба жеңілдікпен несие алды.
«АлматыВиѕіпеѕѕ-2025» өңірлік бағдарламасы аясында 647 млн. теңгеге 6 жоба жеңілдікпен несие алды
Қоғамдық көлік
Қазіргі таңда, аудан аумағында 40 бағытта (657 автобус) қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
Жыл басынан бері 10 автобус маршруты күшейтілді, (171 ден 228ге дейін).
№244 (11 автобус) ст. Метро Момышұлы - Б. Ашекеев ауылы) Шұғыла шағынауданын қамтиды.
№136 маршрут Строительная көшесіне дейін ұзартылды.
3 маршруттағы автобус саны көбейтіліп жаңартылды № 50 (25 бірлікке дейін), 118 (25 бірлікке дейін), № 126 (25 бірлікке дейін).
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі
Ауданда 2 азық-түлік базары, 288 үй жанындағы дүкен, 62 шағын маркет бар.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізіліп жатыр, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мониторинг кезінде барлық сауда объектілері қамтылды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15% -дан асырмау жөніндегі жадынамалар таратылды.