Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

2016 жылғы 19 қазандағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының
3-тармағына сәйкес, Наурызбай ауданының әкімі өкім ЕТТІ:

  1. 2024 жылғы 2-31 мамыр аралығында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметінде 2023 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін;
  2. №1 қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобын құрылсын;
  3. Жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін:

-     талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-     талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге басшылық, үйлестіру және жауапкершілік әкім аппаратының басшысы
Д. Мұхамеджановаға жүктелсін.

Н. Тоғызбаева

Дата публикации
19 апреля 2024