Наурызбай ауданы әкімі аппаратының 2024 жылғы I тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы есебі\Қаржы - шаруашылық бөлімі

 Наурызбай ауданы әкімі аппаратының 2024 жылғы I тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы есебі

Қаржы-шаруашылық бөлімі:

2024 жылы бюджеттен бөлінген сомасы 18 289 085,2 мың теңге, жылдың басынан бастап 2 615 371 ,2 мың теңге (14%) төленді.

          001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 542 939 000 тг бөлінді,  І тоқсанда 150 037 230 тг төленді.       

003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге  93 114 000 тг бөлінді, І тоқсанда 15 123 042 тг төленді.  

006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға  50 000 000 тг бөлінді, І тоқсанда  0 тг төленді.     

          008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 1 140 017 000 тг бөлінді, І тоқсанда  312 878 000 тг төленді.

          009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 1 814 399 000 тг бөлінді, І тоқсанда  404 166 999 тг төленді.

          011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыруға 3 195 860 000 тг бөлінді, І тоқсанда  79 795 793 тг төленді.

          022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына 83 940 000 тг бөлінді, І тоқсанда  0 тг төленді.

          029 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, оның ішінде ұйымдардың қызметін қамтамасыз етуге 5 622 799 000 тг бөлінді, І тоқсанда  948 956 257 тг төленді.

          030 Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2 581 000 тг бөлінді, І тоқсанда  – 550 000 тг төленді.

          031 Жергілікті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке 614 256 000 тг бөлінді, І тоқсанда  100 771 040 тг төленді.

          033 Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшінің және мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуге 980 862 000 тг бөлінді, І тоқсанда  – 119 282 125 тг төленді.

          035 Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға 522 634 000 тг бөлінді, І тоқсанда  54 814 789 тг төленді.

          036 Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, төлеу және жеткізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге 3 000 000 тг бөлінді, І тоқсанда  0 тг төленді.

          037 Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 189 794  000 тг бөлінді, І тоқсанда  0 тг төленді.

          039 Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі қызметтерге 57 800 000 бөлінді, І тоқсанда 0 тг төленді.

          043 Қаланы абаттандыруды дамытуға 200 000  000 бөлінді, І тоқсанда  0 тг төленді.

          044 Шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруға 1 053 365 000 бөлінді, І тоқсанда 203 181 499 тг төленді.

          045 Елді мекендердің автомобиль жолдарын көшелерін ағымдағы жөндеуге 500 000 000 бөлінді, І тоқсанда 0 тг төленді.

          046 Спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруға 737 400 000 бөлінді, І тоқсанда 151 400 000 тг төленді.

          056 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 583 167 000 тг бөлінді, І тоқсанда  74 408 736 тг төленді.

 

Дата публикации
01 апреля 2024