Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің 2024 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарының есебі

Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің 2024 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарының есебі 

Орташа жөндеу

          Орташа жөндеу аясында алдын-ала тізім жасалды. Коммуналдық қызметтермен (ЭжСЖБ, ЭжҚОБ және т.б.) келісілгеннен кейін және ведомстволық сараптамадан өткеннен кейін түпкілікті тізім жасалады.

Анықтама: ұзындығы 17,4 км 28 көшені орташа жөндеу жоспарлануда.

  1. Дихан көшесі Белжайлау көшесінен Абай даңғылының дублеріне дейін
  2. Талжанов көшесі Шаляпин көшесінен Әшімов көшесіне дейін
  3. Құлыбеков көшесі Әшімов көшесінен өзенге дейін
  4. Жігер көшесі Әшімов көшесінен Бұланды көшесіне дейін
  5. Центральная көшесі Жандосов көшесінен №195 үйге дейін
  6. 7-линия көшесі Жандосов көшесінен Центральная көшесіне дейін
  7. 6-линия көшесі Мамыркар ТКБС-дан тұйыққа дейінгі жол
  8. 5-линия көшесі Мамыркар ТКБС-нен тұйыққа дейінгі жол
  9. 3-4-линия көшесі Мамыркар ТКБС-нен айналма жолға дейінгі жол
  10. 2-линия көшесі Радуга БС-нен Мамыркар ТКБС дейінгі жол
  11. 1-линия көшесі Мамыркар ТКБС-нен тұйыққа дейінгі жол
  12. Әуезов көшесі 7-линия көшесінен тұйыққа дейін
  13. Новая көшесі 7-линия көшесінен Центральная көшесіне дейін
  14. Еңбек БС 1 Егінсу көшесінен №19 үйге дейін
  15. Еңбек БС Егінсу көшесі жаңа асфальттан №58 үйге дейін
  16. Еңбек БС 2 №36 үйден №7 үйге дейін
  17. Еңбек БС 3 №38 үйден № 56 үйге дейін
  18. Еңбек БС 4 №92 үйден №2 үйге дейін
  19. Ореховая көшесі №31 үйден №80а үйге дейін
  20. Вишневая көшесі №1 үйден № 51 үйге дейін
  21. Мереке көшесінен Вишневая көшесіне дейін Ореховая және Вишневая көшелеріне кіру
  22. Ақсай-кардон ауылы, Досмұхамедов көшесінен тұйыққа дейін
  23. Досмұхамедов көшесі посттан №72 үйге дейін
  24. Пищевик БС №122 үйден №144 үйге дейін
  25. Егінсу көшесі Жандосов көшесінен Ақсу-Жабағылы көшесіне дейін
  26. Кеңесбаев көшесі Әшімов көшесінен Мерей көшесіне дейін
  27. Әшімов, Жандосов, Гроза көшелері, Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейін
  28. Ақтамберді жырау көшесі, Арман көшесінен Құлыбеков көшесіне дейін.

Жаңа жол құрылысы

          «Ақжар» шағынауданы жол құрылысы.

          ҚМБ желісі бойынша жалпы ұзындығы 45 км 89 көшеде жол салу жоспарланған. 2022 жылы – 10 км жол салынды, 2023 жылы құрылыс дайындығының болмауына, ЭжСЖБ желісі бойынша жұмыс кестесінен артта қалуына байланысты 6 көше учаскелерінде 1,9 км жол құрылысы орындалды (Мырзалиев 1,07 км, Молдағалиев 0,2 км, Мақаншы 0,1 км, Егінсу 0,16 км, Зиманова 0,235 км және Қамысдала 0,125). 2024 жылы инженерлік желілер бойынша жұмыстар орындалған аумақта 7 км жол салу жоспарланған.

          «Шұғыла» шағынауданы жол құрылысы

          ҚМБ желісі бойынша ағымдағы жылға жалпы ұзындығы 4,5 км 7 көшеде жол салу жоспарланған. «BCS Сonstruction» ЖШС мердігерлік ұйымымен қазіргі уақытта 8 көше учаскелерінде жұмыстар аяқталды (Дала 2,1 км, Жүнісова 0,15 км, Береке 0,7 км, Байқоңыр 0,6 км, Береке 0,25 км, Байтелі батыр 0,3 км, Жалын 0,12 км, Еңбек 0,27 км). 2024 жылы инженерлік желілер бойынша жұмыстар орындалған аумақта 1,8 км жол салу жоспарланған.

Ағымдағы жөндеу

          Ағымдағы жөндеу шеңберінде ауданның 150 көшесіндегі жалпы ауданы  70 000 м2, 1500 қарау люктерін түзету, 150 люк пен жаңбыр қабылдайтын қақпақтарды ауыстыру, сондай-ақ жалпы ұзындығы 400 м. жарамсыз арық науаларын ішінара ауыстыру жұмыстары жоспарлануда.

Анықтама: қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2024 жылғы 25 сәуірге дейін.

«Халық қатысатын Бюджет» бағдарламасы шеңберінде аумақтарды абаттандыру бойынша жұмыстары

          «Халық қатысатын Бюджет – 2024 жыл» бағдарламасы шеңберінде бюджеттік өтінімдер жасау үшін сараптамалық комиссияның отырысы өткізілді. 2024 жылға 40 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде, шарт жасасудың алдын ала мерзімі 2024 жылғы 25 мамыр.

Қарғалы өзенінің жағалауын қайта жаңарту

          «RDM Stroy» ЖШС мердігерлік ұйымы Қарғалы өзенінің іргелес аумақтарын селден қорғау бөгетінен Жандосов көшесіне дейін жалпы ұзындығы 7,7 км абаттандыру жұмыстарын бастады. Жобада жаяу жүргіншілер аймақтарын жайластыру, сыртқы жарықтандыру желілерін орнату, абаттандыру, балалар және спорт алаңдары қарастырылған.

Анықтама: жарамсыз болған тротуар жолдары мен абаттандырудың басқа бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.

Сумен жабдықтау

          Орталықсыздандыру аясында инженерлік желілерді салу функциялары Ақжар ІІ кезек (44 км су құбыры, 37 км кәріз)  және Қарағайлы шағын аудандары бойынша   ( 45 км су құбыры, 42 км кәріз )  аудан әкімдіктеріне өтті. 2024 жылдың II тоқсанының соңына дейін Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы әзірлейтін сумен жабдықтау және кәріз желілерінің жобалары Тастыбұлақ (88 км су құбыры, 57 км кәріз) және Таусамалы шағын аудандары  (42 км су құбыры, 40 км кәріз)  одан әрі іске асыру үшін аудан әкімдігіне берілетін болады.

          2025 жылдың соңына қарай 395 км сумен жабдықтау (219 км) және кәріз (176 км) желілері салынады, сондай-ақ Наурызбай ауданын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады.

Құжат айналымы

          2024 жылдың I тоқсанында 850 хат келіп түсті, оның ішінде: 83 - қызметтік хат, 41 - заңды тұлғалар, 216 - жеке тұлғалар, 510 - әлеуметтік желілерден. Барлық жазбаша, ауызша түрде келіп түскен өтініштерге мерзімінде жауап берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 марта 2024