Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің 2024 жылдың 1тоқсан есебі
2024 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша аудандағы салық түсімдерінің сомасы 12,3 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 165%. Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 170%. Оның ішінде: республикалық бюждетке 3,1 млрд. теңге, жергілікті бюджетке 9,2 млрд. теңге.
2024 жылғы қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 3,4 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 156,3%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 19,1 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 92,4%.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 4,1 млрд. теңгені құрады, көтерме сауда көлемі 554 млн. теңге.
Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 22 689, жұмыс істейтіндер- 21 480.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,2 млрд. теңге сомасына 7 жоба жеңілдікпен несие алды.
«АлматыВиѕіпеѕѕ-2025» өңірлік бағдарламасы аясында 647 млн. теңгеге 6 жоба жеңілдікпен несие алды
Қоғамдық көлік
Қазіргі таңда, аудан аумағында 27 бағытта (406 автобус) қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
№244 (11 автобус) ст. Метро Момышұлы- Б. Ашекеев ауылы) шұғыла шағынауданын қамтиды.
№136 маршрут Строительная көшесіне дейін ұзартылды.
3 маршруттағы автобус саны көбейтіліп жаңартылды № 50 (25 бірлікке дейін), 118 (25 бірлікке дейін), № 126 (25 бірлікке дейін).
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі
Ауданда 2 азық-түлік базары, 288 үй жанындағы дүкен, 62 шағын маркет бар.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізіліп жатыр, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мониторинг кезінде барлық сауда объектілері қамтылды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15% -дан асырмау жөніндегі жадынамалар таратылды.