Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша атқарған жұмысы туралы есебі
2024 жылдың 1 тоқсанында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 6 отырысы өткізілді.
Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп "жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады", "тоқтауға тыйым салынады" жол белгілерін ескермейтін автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында аудан бойынша рейдтер жүргізуден. Жыл басынан бері 35-тен астам автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қылмыс деңгейін төмендету үшін аудан аумағында қосымша «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Наурызбай ауданында жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссиясымен 11 жер учаскесі тексеріліп, жинақталған құжаттар Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жолданды.
Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.
Наурызбай ауданының әкіміне күнделікті тіркелген құқық бұзушылықтар саны және оларды ашу бойынша жиынтық ақпарат беріледі.