Наурызбай аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың қаңтар айынан сәуір айының 1 - не дейін атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Алматы қаласы Наурызбай аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2024 жылдары төмендегідей жұмыстар атқарылды:
2024 жылдың басынан Атаулы әлеуметтік көмекке аудан тұрғындарынан 438 өтініш қарастырылды. Атаулы әлеуметтік көмекке жалпы төленген қаражаттың соммасы – 35 088,273 теңгені құрайды. (мемлекеттік әлеуметтік топтамасының соммасы – 3 670 968тг. құрайды). Көп балалы отбасы – 223/адам саны – 1 580.
Тұрғын үй көмегіне мұқтаж азаматтар саны бүгінгі күнде қабылданған өтініштер саны – 23. Төленген соммасы – 240 215 тг.
Алматы қаласы маслихат шешімімен төленетін әлеуметтік көмек алушылар саны - 1049, төленген қаражат соммасы 25 032 072 теңге. Оның ішінде:
7 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек алушылар саны– 500 зейнеткер, төленген қаражат соммасы 7 158 788 теңге.
20 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек алушылар саны – 304 отбасы, төленген қаражат соммасы 15 801 760 теңге.
12 АЕК мөлшерінде емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтар арналған әлеуметтік көмек алушылар - 37 өтініш, төленген қаражат соммасы 1 550 640 теңге.
Санаторлы-курорттық емделуге – 200 зейнеткерден өтініш қабылданды.
Санаторлы-курорттық емделуге барған зейнеткерлердің шығынға өтеуге тапсырған өтініш саны – 2 (соммасы қарастырылуда).
2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленетін Алматы қаласының ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы) орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ-инфекциясын (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқтырған балаларға арналған әлеуметтік көмекке - 6 өтініш келіп түсіп, 520 884 теңге төленді.
Одан басқа:
Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай, 185 соғыс ардагерлеріне біржолғы төлем төленді. Төленген қаржы соммасы 18 500 000 теңгені құрады.
Бөлімде «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәсел елері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бұйрығына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жоғарыда аталған қызметтер, яғни жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші қызметімен, естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметімен, тифло-сурдотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдармен (кресло-арбалармен), міндетті гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық құралдармен, санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету бойынша– 1066 өтініш, қабылданды.
Сондай-ақ, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші қызметімен, естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметіне төленген қаражаттың соммасы – 72 912 846 теңгені құрайды.
- Жеке көмекшілер 279 мүгедекке өз қызметтерін көрсетеді.
- Ымдау тілі мамандары 69 мүгедекке өз қызметтерін көрсетеді.
- 389 мүгедектен шипажайларға өз денсаулықтарын түзеп кайтуға өтініш қабылданды.
- 26 бірінші топ мүгедектеріне арбалар берілді.
- 123 мүгедек жан мемлекеттік қаржы есебінен орындалатын тапсырысқа протезді-ортопедиялық Орталығына жолдама алды.
- 130 мүгедектен санитарлы-гигиеналық құралдарына өтініш қабылданды.
- 17 көру мүмкіндігінен айрылған мүгедектерден тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге өтініш қабылданды.
- 33 мүгедек адамнан сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз етуге өтініш қабылданды.
Аудандық бөлімде қараусыз қалған жалғызілікті қарттарды Әлеуметтік тұрғын үйіне, Арадагерлер үйіне және мүгедек балалар, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар жандарды мемлекеттік медико-әлеуметтік мекемелеріне 83 азаматтардан құжаттар қабылданып, психоневрологиялық медико-әлеуметтік ұйымдарына орналастырылды.
Жалғызілікті, жалғыз тұрып жатқан қарт адамдарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан әлеуметтік көмек алуға 5 өтініш қабылданды.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметіне – 134 өтініш қамтылып, толық төлемдер жүргізілді (6 391 858 тг).
Сонымен қатар, Наурызбай аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде - 42 мүмкіндігі шектеулі балаға 8 әлеуметтік қызметкермен үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Семей ядролық сынақ алаңындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеудегі кейбір мәселелер туралы» Қаулысын жүзеге асыру барысында есептік мерзімінде ақшалай өтемақы және куәлік алу үшін 74 іс құжаттары қабылданды.
2024 жылдың басынан «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапаттауға 30 өтініш қабылданды.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту үшін құжаттарды қабылдауымен жұмыс жүргізіледі. Ағымдағы жылдың басынан шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 2552 өтініш қабылданды, оның ішінде 320 өтінішке бас тартылды (аудан бөлімі арқылы).
Жұмыс барысында бөлім мамандары 16 мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсетеді.
Қызмет алушыларға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Бөлімде мемлекеттік қызметкерлер қызмет көрсетудің Заңға сәйкес қағидаларын басшылыққа алады.