2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша көріктендіру бөлімінің жылдық есебі

2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша көріктендіру бөлімінің  есебі

Наурызбай ауданы әкімі аппаратының 2023 жылы келесідей жұмыстар жүргізілді.

Көше тазалау

Аудан аумағында 348 көше бар, жалпы ұзындығы 295 км. Ауданның көшелерін тазалауға 3 мердігер ұйым жұмылдырылған. Ауданның санитарлық тазалау жұмыстары бөлім қызметкерлерінің күнделікті бақылауында. Сондай-ақ, күнделікті бақылауда қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Ағымдағы жылдың басынан бастап аудан аумағында 50 - ге жуық жергілікті сенбілік өткізілді, онда 3000 м3 қоқыс шығарылды.

- Сондай-ақ, тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша 3 қоқыс алаңы бөлшектелді.

- Қарғалы өзенінің арнасында 3 су жинайтын құрылыстар (гусактар) орнатылды.

Арық желілері

Аудан аумағында арық желілері 96 көшеде, жалпы ұзындығы 102,6 км. (Арық желілерін ұстау және тазалау жұмыстарына «RBS ДорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы жұмылдырылған).

Су басудың алдын алу үшін Экология және қоршаған орта басқармасы жалпы ұзындығы 6 км 5 көшеде (Сураншы батыр, Ерубаев, Құлыбеков, Береке, Сейтметов көшелері) арық желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ «Алма сити» тұрғын үй кешенінде су тасқыны қалыпты жағдайда, су басу қауіпі жойылды.

Сондай-ақ, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп, Шұғыла шағын ауданында 2024 жылы жаңбыр суларын бұру арнасын салуға жоба әзірленіп, іске асыру жоспарланып отыр.

Сыртқы жарықтандыру желісін салу

Ағымдағы жылы аудан аумағында «Халықтың бюджетка қатысу» бағдарламасы аясында 57 жарықтандырылмаған көшелер мен тұйық көшелерде сыртқы жарықтандыру желісін салу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, сыртқы жарықтандыру желілерімен барлығы 47 көше (1816 жарық нүктесі) қамтамасыз етілді. Есепті кезеңде сыртқы жарықтандыру желілері 382 көше мен учаскелерде (оның ішінде бау-бақша серіктестіктері) салынды.

Сондай-ақ, 41 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылған.

Бүгінгі күні аудан аумағында сыртқы жарықтандыру желісін күтіп ұстауды ШЖҚ «Алматы Қала Жарық» МКК жүзеге асырады. Сыртқы жарықтандыруды күтіп ұстау шеңберінде ескірген кабельдерді ауыстыру, тіректерді сырлау, шамдарды ауыстыру және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Көгалдандыру

2023 жылға арналған ауданның гүлді-сәндік безендіру көлемі- 7 326 м2 құрайды. Оның ішінде қызғалдақтар – 1200 м2, раушандар – 1048 м2, көпжылдықтар-1078 м2, біржылдықтар – 4000 м2 отырғызылды.

Ағымдағы жылы Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп аудан аумағында 10 мыңға жуық қылқан жапырақты және қатты ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, аудан әкімінің аппаратымен 1000 көшет отырғызылды.

2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес санитарлық кесу – 5000 ағаш, пішіндеп қырқу – 409 және бұзу – 500 апатты ағаш.

«Халықтың бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 4 учаскеде автоматтандырылған суару жүйесі арқылы желілер тартылды (Мекен-жайы: Ақжар саябағы Ақсай көшесі, Санаторная көшесі серуендеу аймағы, Алатау даңғылы Абай даңғылынан Белжайлау көшесіне дейін, Алем Сити тұрғын үй кешені мен әкімшілік кешен арасындағы серуендеу аймағы).

Жерасты өткелдерін ағымдағы жөндеу

Бүгінгі таңда аудан аумағында 3 жерасты өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Мекен-жайы: 1-№7 МКК алдында, 2 - Жібек Жолы базарының алдында, 3-Сураншы батыр көшесінің қиылысы).

 Жерасты өткелдерін ағымдағы жөндеу шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізілді:

  1. Керамикалық плиталарды төсеу
  2. Жарықтандыру шамдарын ауыстыру және орнату
  3. Бейнебақылау камераларын ауыстыру және орнату
  4. Дыбыстық аспаптарды ауыстыру
  5. Электр кабельдерін ауыстыру
  6. Жарық желілерін орнату
  7. Сәндік панельдерді орнату
  8. Барлық металл конструкцияларын бояу
  9. Туннельдің төбесін ауыстыру

Аялдама кешендері

Аудан аумағында 139 аялдама павильоны бар, әр жылда жол құрылысын салу аясында (Абай даңғылы, Алатау және Қонаев көшесін кеңейту) 40 жаңа аялдама павильоны орнатылды. «Халықтың бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында                2021 жылы 7 павильон орнатылды. Қалған 92 аялдама кешені Қарасай ауданынан берілді.

Бүгінгі таңда аялдама кешендерін күтіп ұстауды «Disal Group» ЖШС мердігер ұйым жүзеге асырады. Атқарылатын жұмыстар аясында шатырды ауыстыру, әйнек орнату, сырлау және т.б. бойынша жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудан аумағында аялдама кешендерін күтіп ұстау шеңберінде 7 аялдама конструкциясы орнатылды.

Төтенше жағдай

Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарының 13 жеке тұрғын үйлерде «СО Детектор» улы газ датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Республикалық-командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.

Күнделікті негізде өзен арналарын мониторингтеу және тазарту жұмыстары жүргізілуде.

 

Дата публикации
29 декабря 2023