Наурызбай аудандық Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімі
2023 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша Наурызбай аудандық табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе «Алматы қаласының көріктендіру Ережесі» және «Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы Ережесіне» сәйкес жұмыстар атқарылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505, 386 баптары бойынша заңды және жеке тұлғаларға 460 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 13 696 500 тенге көлемінде айыппұл салынды оның ішінде:
Мердігер мекемесі бойынша: Шұғыла шағынауданының арықтары, жолдары қоқыстан тазаланбауына байланысты, «Алғабас» ЖК төрағасына әкімшілік хаттама толтырылды және де Шұғыла шағынауданының ішкі аулалары қоқыстан тазаланбауына байланысты, «Комфорт» ПИК төрағасына әкімшілік хаттама толтырылып, «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне» сәйкес түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Қалқаман шағынауданының Әшімов көшесінің бойындағы арықтары, жолдары уақытылы қоқыстан тазаланбауына байланысты, «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне» сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша «RBS Дорстрой» ЖШС басшысына әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК (103 500 тг.) көлемінде айыппұл салынды.
Наурызбай аудандық Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласының «Құтқару қызметінің» жұмысшыларының қатысуымен Ақсай, Жайлау, Тастыбұлақ, Қарғалы өзендерінің бойын қоқыс, мұз қалдықтарынан тазарту жұмыстары өткізілді. Іс-шараға 27 арнайы техника мен 35 жұмыс күші жұмылдырылды. Нәтижесінде шамамен 97,5 м3 қоқыс қалдықтары қоқыс полигонына шығарылды.