Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің 2023 жылда атқарылған жұмыстар туралы есебі

Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің  2023 жылда атқарылған жұмыстар туралы есебі

2023 жылдың Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 30 отырысы өткізілді.

- Есірткі және есіркі бизнесіне қарсы іс-қимыл штабының 6 отырысы өткізілді, аудан аумағындағы барлық мектептерде Алматы қаласы ПД ЕҚІБ өкілдерінің қатысуымен лекциялар ұйымдастырылды.

- Аудандық ПБ ЮПБ инспекторланы, ЖРО және белсенді тұрғындармен бірге кәмелетке толмағандар жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында аудан аумағында орналасқан ойын-сауық орындарында 24 түнгі рейд жүргізілді.

-  Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қылмыс деңгейін төмендету үшін 900 бейнебақылау камераларын орнату қажет орындардың тізімі жасалып, Алматы қаласы Цифрландыру басқармасына жолданды.

-   2023 жылы аудан аумағында жол-көлік оқиғаларын азайту үшін 22 "Сергек" АПК орнатылды

-  Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп "жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады", "тоқтауға тыйым салынады" жол белгілерін ескермейтін автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында аудан бойынша рейдтер жүргізуден. Жыл басынан бері 60-тан астам автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

-  Бөлім қызметкерлері 80 заңсыз құрылыс нысандарын анықтады, олар бойынша уәкілетті органдарға тиісті хаттар жолданды.

- Жылжымайтын мүлікті ресімдеу жөніндегі жұмыс тобымен 45 жер учаскесі қаралып, жиналған материалдар комиссиялардың қарауына енгізу үшін Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жіберілді.

-  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2 ішкі талдау жүргізілді.

-  Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

-  Наурызбай ауданының әкіміне күнделікті тіркелген құқық бұзушылықтар саны және оларды ашу бойынша жиынтық ақпарат беріледі.

Дата публикации
29 декабря 2023