Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

 12 қаңтар Ауданда балаларға арналған «Alan» жекеменшік спорт орталығы ашылды.

18 қаңтар Шұғыла шағынауданы «Алма сити-5» тұрғын үй кешені аумағында 1200 орынға арналған №207 мектеп-лицейі ашылды.

2 ақпан Аудандық жастар кеңесі өтті.

10 ақпан  Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай отбасылық кітапханада «Әр өлеңі - бір әлем» атты әдеби сазды кеш өтті.

1 наурыз Ауданымыздың тұрғындары мен бүлдіршіндері әртүрлі сала қызметкерлеріне «Алғыс айту күні» қарсаңында өз ризашылықтарын білдірді.

1 наурыз Алғыс айту күніне орай Арай ардагерлер хоры «Домалақ Ана» қойылымын қойды.

3 наурыз Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының зейнет жасындағы жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде арнайы көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушыларына 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында сенбілік өткізілді.

4 наурыз Қалалық «Супер келіншек» байқауында Наурызбай ауданының келіні Жазира Нұрболатқызы бас жүлдеге ие болды.
Отбасы құндылықтарын насихаттайтын және отбасы институтының дамуына үлес қосатын байқауға Алматы қаласының барлық аудандарының келіндері қатысты.

7 наурыз  «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында аудандық білім мекемелерінің әйел ұстаздары арасында волейболдан жарыс өтті.

8 наурыз Аудан жастары барша әйелдерді мерекемен құттықтап, гүл сыйлады.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған аудандық шара өтті. Эстрада әншілері әннен шашу шашып, ауданның нәзік жанды аруларын мерекемен құттықтады.

9 наурыз Медициналық мекемелерде «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне» орай акциялар мен «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.

14 -23 наурыз күндері  күн сайын сағат 18:00-20:00 аралығында Наурызбай ауданы әкімдігінің алаңында «Әз-Наурыз» атты 10 күндік мерекелік шарасы өтті.

Бағдарлама барысы:

  • Театрландырылған қойылым;
  • Эстрада жұлдыздары;
  • Би ансамбльдері;
  • Сұрақ жауап;
  • Ұлттық ойындар.

22 наурыз Алматы қаласы бойынша ең көлемді Наурыз мейрамы Наурызбай ауданында аталып өтті. Мерекеге 15 мыңнан аса адам қатысты, 18 қазақ киіз үйі тігіліп, әр киіз үй жанында салт-дәстүрден қойылым қойылды.    Іс-шарада эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен 5 сағаттық концерттік бағдарлама өтті .                                                                                                          Сонымен қатар, 1.5 тоннадан аса Наурыз көже, 2000-нан аса адамға бауырсақ таратылып, 15 түрлі спорттық жарыстар, садақ ату, сиыр сауу, қошқар көтеру және құрақ көрпе көрмесі, балалар алаңы, тамақтану орындары ұйымдастырылды

23 наурыз мерекесіне орай «Әз- Наурыз»  мерекелік шарасы болды.

23 наурыз Наурызбай ауданындағы «Alma city 5» тұрғын үй кешенінің аумағында қарттарға арналған «Сенім» тегін демалыс орталығы ашылды.

1 сәуір Бүгін Наурызбай ауданының нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб жанындағы «Өрлеу» қоғамдық бастамасының мүшелері мен АҚШ Елшілігі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушылар есірткі бизнесіне қарсы күрес әдістерімен және нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

 

14 сәуір Алматы қаласы Наурызбай ауданының «Арай» ардагерлер қоры № 207 мектеп-лицейде «Домалақ ана және аңыз аналар» театрландырылған қойылымын өткізді.

30 сәуір 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, Наурызбай ауданында тұратын әр-түрлі ұлт өкілдерінің, зиялы қауымның қатысуымен ұлттар достастығына байланысты конференция өтті.

30 сәуір «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өтті.

1 мамыр Аудан тұрғындары мен қала қонақтарына арналған эстрада жұлдыздары мен аудандағы өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама, түрлі ұлт өкілдерінің көрмесі, жас суретшілерінің көрмесі, спорттық жарыстар, сонымен қатар, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырылды.

5 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «ҰҚК Шекара қызметі басқармасы» алаңында сарбаздардың ант беру рәсімі, аудан әкімінің әскери қызметкерлерді марапаттау шарасы және эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті.

6 мамыр  «ҚР Отан қорғаушылар күніне» орай 90 келіге дейін салмақ дәрежесінде палуандар арасында қазақ күресінен «Наурызбай барысы» турнирі өтті.

7 мамыр «7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күніне» орай Наурызбай ауданы қызметтік басқармалары арасында волейболдан жарыс өтті.

8 мамыр Ұлы Жеңіс күнінің 78 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл қою рәсімі.

9 мамыр Ұлы Отан соғысының батыры - 98 жастағы Жұбаниязов Бейсенғали Айтжанұлының ауаласында «Ұлы Жеңіске-78жыл» толуына орай Шекара қызметі басқармасы офицерлері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери оркестрімен құттықтау шарасы ұйымдастырылды.

10 мамыр Ұлы Отан соғысының батыры 97 жастағы Подкользин Леонид Никитичтің ауаласында «Ұлы Жеңіске - 78жыл» толуына орай Шекара қызметі басқармасы офицерлері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери оркестрімен құттықтау шарасы ұйымдастырылды.

10 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай аудандық мерекелік шара өтті. Шара барысында тыл ардагерлері, зейнеткерлер, аудан тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама, дала асханасы құрылып, солдат ботқасы таратылды.

 Сонымен қатар, әскери қоян-қолтық ұрыс, қару жарақ көрмесі, кітаптар мен суреттер көрмесі, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырылды.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай Наурызбай ауданы Белсенді Ұзақ Өмір сүру орталығында «Отбасым - менің қазынам» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

29 мамыр Алматы қаласы Наурызбай ауданында № 174 мектеп-гимназия ғимаратында «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмас» атты «Әкелер Форумы» өтті.

30 мамыр Алматы қаласы Наурызбай ауданының 2022-2023 оқу жылының 10-сынып оқушылары арасында «CUP UKIDS 2023» шағын футболдан блицтурнирі өтті.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан әкімі «Шапағат» күндізгі болу орталығындағы балаларға сыйлықтар табыстап, мерекемен құттықтады.

2 маусым «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай ауданның жас өнерпаздарымен концерт ұйымдастырылып, шығармашылық және спорттық жарыстарда жеңіске жеткен балалар марапатталды.

Жас шеберлер мен суретшілердің туындыларынан көрме ұйымдастырылды.

 Сонымен қатар, сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.

2 маусым Аудандағы барлық білім мекемелерінде «1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, 10 000 -нан аса баланы қамтыған түрлі шаралар ұйымдастырылды.

4 маусым «ҚР Мемлекеттік Рәміздері күнінде» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.

4 маусым «4 маусым - ҚР Рәміздер күніне» орай Наурызбай ауданы жастарымен Мемлекеттік тулармен көліктер шеруі өтті.

9 маусым Аудан әкімі Назира Асылбекқызы зиялы қауым, өнер, ғылым және спорт өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесуге Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер, режиссер, театр педагогы Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет және т.б. қатысып, ауданда бірқатар ауқымды іс-шараларды өткізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, «Қазақ күресі» бойынша қалалық турнирде «Алматы барысы» атағын жеңіп алған ауданымыздың тұрғыны Жансерік Жұмабайды құттықтады.

14 маусым Аудандағы медицина қызметкерлері арасында «Qazaq stroy» құрылыс компаниясының қолдауымен волейболдан жарыс өтті.

15 маусым Ашық аспан астындағы «Родной» комедиялық фильмінің көрсетілімі.

16 маусым Аудандағы мемлекеттік қызметкерлер арасында «Qazaq stroy» құрылыс компаниясының қолдауымен футболдан жарыс өтті.

26 маусым 26 маусымда «Өмірмен есірткі үйлесімді емес» форумы ұйымдастырылды. Іс - шара барысында аудандық билік пен полиция аудандағы жасөспірімдердің нашақорлық тәуелділіктен сақтану ұсыныстарын тыңдап, жұмыс барысына қабылдады.

1 шілде Наурызбай ауданы ардагерлерінен құрылған “Арай” хорының кезекті “Домалақ ана” атты тәрбиелік маңызы бар қойылымы көрерменге тарту етілді.

2 шілде «Ұлттық домбыра күніне» орай Наурызбай ауданы өнер орталықтарының бүлдіршіндері ұлттық күйлерден флешмоб ұйымдастырылды.

6 шілде «Астана күні» мерекесі жаңа ғимарат сахнасында тойланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 7 маусымындағы No 243 Жарлығы бойынша 77 жастағы батыр ана Бақтыбала Мұхитдинова “алтын алқамен” және 13 ана “күміс алқамен” марапатталды. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан әртүрлі сала қызметкерлері мен еңбегі сіңген ардагерлер аудан әкімінің құрмет және алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапаттау шарасынан кейін қазақ өнерінің майталмандары Рамазан Стамғазы, Біржан Бәзілжан, Сейфулин Жолбарыс, Лала Бақытнұрқызы және 184 балабақша бүлдіршендері өз өнерін көрерменге тарту етті.

Сондай-ақ, Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының фоесінде аудан шеберлерінің қолөнер бұйымдарынан қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

10 шілде Аудандағы мемлекеттік қызметкерлер және медицина қызметкерлері арасында «Qazaq stroy» құрылыс компаниясының қолдауымен футбол, волейбол және ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтті (асық ату, арқан тартыс және т.б.).

11 шілде 11 шілде сағат 19:00-де Наурызбай ауданы әкімдігі алаңында “IQ-study” өнер-спорт орталығының есептік концертіне шақырамыз!

18 шілде «IQ Study» шығармашылық және спорт орталығының ашық аспан астындағы шығармашылық кеші.

20 шілде ашық аспан астындағы кино.

10 тамыз Абай күні құтты болсын.

10 тамыз «Абай күні» қарсаңында 11 тамыз сағат 10:00-де Құрамыс шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, 30/4 мекенжайы бойынша орналасқан финдік оқу әдістемесі бойынша оқытатын заманауи «Абай» жекеменшік мектебінің ашылуына шақырады.

11 тамыз Сіздерді отандық «Отыздан асып барамын» фильмін тамашалуға шақырамыз.

21 тамыз «Дарын» өнер - білім орталығының ашық аспан астындағы шығармашылық кеші.

22 тамыз «Спорт күніне» орай Наурызбай аудан тұрғындары арасында ұлттық ойын түрі «Асық атудан» қалалық деңгейдегі жарыс өтті.

23 тамыз Сіздерді отандық «Ауылбайский участковый» фильмін тамашалуға шақырамыз.

25 тамыз Алматыда қала тұрғындарын шет тілдеріне оқыту жобасы басталады. «Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік жоба қатысушылары шет тілдерін тегін оқи алады. Сабақтар қала саябақтарында бейресми жағдайда өтеді. Жас санаты — 6 жастан 60 жасқа дейін. Курстар бір ай бойы аптасына 3 рет өтеді. Таңдау көп: 15 шет тілі бар.

28 тамыз Алматы қаласы Наурызбай ауданының мемлекеттік қызметкерлері арасында «Конституция күні» мерекесіне орай футболдан жарыс өтті.

29 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай Наурызбай ауданында мерекелік концерт өтті. ҚР Конституциясы күніне орай аудан әкімі көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттады.

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!

1 қыркүйек Биылғы 1-қыркүйек білім күнін №206 мектепте қарсы алдым. Өзімнің балалық шағым есіме түсіп, бір үлкен бақытқа кенелдім.

6 қыркүйек Тілдер күніне орай «Тіл - ұлт рухының алтын қазығы» атты дөңгелек үстел өтті.

6 қыркүйек «Время патриотов» фильмін тамашалуға шақырамыз.

7 қыркүйек «Қала күніне» орай «Арай» ардагерлер хоры мерекелік концерт өткізді.

12 қыркүйек Қала күніне орай «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен Наурызбай ауданында әкімдік артындағы амфитеатрда 13 қыркүйек сағат 16.00-22.00 аралығында фильм көрсетілімдері өтетінін хабарлаймыз.

13 қыркүйек Балаларға арналған қуыршақ театрының қойылымын көруге шақырамыз!

14 қыркүйек Алматы Қаласы күніне орай Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін Наурызбай ауданындағы «Туған күніңмен, Алматым» мерекелік шарамызға шақырамыз!.

14 қыркүйек «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» Қала күніне орай «Алматы - арман қала» концерті өтті.

15 қыркүйек «Қала күніне» орай Наурызбай ауданының мектептері арасында флешмоб өтті.

17 қыркүйек «Ару Алматымыздың туған күні құтты болсын!» мерекелік шарасы.

4 қазан «Ұстазға тағзым» мерекелік концерті өтті.

22 қазан «Қазақстан Республикасы күніне» арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

22 қазан «ҚР Республикасы Күні» ұлттық мерекесіне орай мерекелік концерт өтті.

24 қазан «Қазақстан Республикасы Күні»  мерекесіне орай Наурызбай жастарының қатысуымен қала бойынша автомобильдер шеруі өтті.

24 қазан спорттық ойындарды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «ҚР Республикасы Күні» және «Қарттар айлығы» мерекелеу аясында аудан ардагерлері арасында спартакиада өтті.

25 қазан оқушылар арасында «Мен елімнің патриоттары» атты патриоттық шығармаларды мәнерлеп оқу байқауы өтті.

25 қазан оқушылар арасында «Өнеріміз саған, Қазақстан» патриоттық челленджі өтті.

30 қазан күні Наурызбай ауданы ұстаздары арасында волейболдан жарыс өтті.

2 қараша баланың қауіпсіз ортада білім алуына жауапты тұлғалармен бірлескен отырыс өтті.

3 қараша Наурызбай аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне  дене шынықтыру сабағы барысындағы қауіпсіздік ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

10 қараша Алматы қаласы Наурызбай ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында 8-11- сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.

11 қараша халқымыздың ұлттық құндылығы мен болмысы насихаттау мақсатында «Қазіргі өмір сүру кеңістігіндегі оқу процесінің ұлттық құндылықтары мен этнодизайны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

14 қараша «Алматы дарыны» орталығы мектеп парламенттері көшбасшыларының арасында «Мен – көшбасшымын!» атты аудандық слеті өтті.

17 қараша Наурызбай Аудандық Білім Бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде «АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ ұйымдастырылды.

18 қараша «Педагогикалық олимп» конкурсының аудандық кезеңі өтті.

20 қараша Наурызбай ауданына қарасты білім мекемелерінде мектеп оқушылар мен сынып жетекшілері «Еркін тыныс ал!» Жалпыреспубликалық салауатты өмір салтын қолдауда ұжымдық ұстанымды білдіруге бағытталған флешмобқа қатысты.

24 қараша Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №208 мектеп-гимназиясысында Қалалық инклюзивті ойындары өтті.

27 қараша «Бүкіл әлем менің сыныбымда» үздік сынып жетекшілерінің байқауы өтті.

10 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласынан желтоқсан оқиғасына қатысқандар арасында волейболдан жарыс өтті.

13 желтоқсан 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік!» атты дөңгелек үстел өтті.

15 желтоқсан Наурызбай ауданында орналасқан «YFit» өнер және спорт орталығының Жаңа жыл мерекесіне орай жылдық есептік кеші өтті.

21 желтоқсан Наурызбай ауданының бас шыршасын салтанатты түрде жағу  ертегі әлемінің аниматорларымен ұйымдастылырды.

23 желтоқсан «Жаңа жоспарлар мен бастамалар» атты Наурызбай ауданының әкімі Н.А.Тоғызбаеваның 9 айлық есептік  жиыны мен қазақ эстрада әншілерінің қатысуымен концерттік  бағдарлама өтті.

27-31 желтоқсан аралығында Жаңа жылдық фестиваль аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік шара өтуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 декабря 2023