2023 жылдың 2 жартыжылдығы бойынша «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары туралы талдамалық анықтама
«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы (әрі қарай – СЖТІТ) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік Қағидаларына сәйкес жүргізілді.
СЖТІТ аудан әкімінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 225 н/қ өкімі негізінде мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысымен жүргізіліп, СЖТІТ жүргізілуіне басшылық, үйлестіру және жауапкершілік әкім аппараты басшысына жүктелді.
СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ 2023 жылғы 4 - 8 желтоқсан аралығында жүргізіліп, талданатын кезең 2023 жылғы 2 жарты жылдық белгіленген.
СЖТІТ жүргізу барсысында қаралған құжаттар
Жүргізілген СЖТІТ нәтижелері бойынша келесі тәуекелдер анықталды
Азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды өткізу кезінде әкім аппараты қызметкерлерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін және қабылдау тәртібін реттейтін мемлекеттік органның құқықтық актісін қабылдау қажет.
Жаңа құқықтық актілерді бекіту арқылы мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ережеден, сондай-ақ оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарынан бұл функцияны алып тастау қажет.
Атқарылған жұмыстардың актілерін бекіту өкілеттігін аудан әкімінің орынбасарына беру туралы аудан әкімінің тиісті өкімін шығару қажет.