Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
2016 жылғы 19 қазандағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының
3-тармағына сәйкес, Наурызбай ауданының әкімі өкім ЕТТІ:
- 2023 жылғы 4-8 желтоқсан аралығында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н. Бейсековке жүктелсін;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезеңі
2023 жылғы 2-ші жарты жылдық болып белгіленсін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге басшылық, үйлестіру және жауапкершілік әкім аппаратының басшысы
Д. Мұхамеджановаға жүктелсін.
Н. Тоғызбаева