Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі

Жалпы құжат айналым

Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2023 жылдың 10 айына 5125 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 260 – заңды тұлғадан, 2478 - жеке тұлғадан,  32 – директивтік, 3254 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар – 6413, оның ішінде: 247 - заңды тұлғадан, 2040 – жеке тұлғадан,  3104 – қызметтік, 1163 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 115 30 құрайды.

Жеке және заңды тұлға өтініштері

Аудан әкімінің аппаратына 2023 жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғадан 2431 өтініш келіп түсті.

Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 2431, оның ішінде                                  689 – қанағаттанарлық, 245 - түсініктеме берілді, 1243 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.

Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері - 456, көріктендіру - 308, әлеуметтік қамтамасыз ету - 147, жер мәселесі – 92, қоғамдық көлік – 72, жол және жаяу жүргіншілер жолын жөндеу - 269, ҚТҚ шығару жөнінде – 116, және де басқада мәселелер – 998.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.

Қызметтік хат-хабар

Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2023 жылдың  10 айында 3254 қызметтік хат-хабар келіп түсті.

Азаматтарды қабылдау

«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі және әкім орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 68 қабылдау өткізілді (580 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 32 қабылдау (245 адам), оның орынбасарлары – 36 қабылдау (335 адам).

Өтініштерден оң шешілгені – 122, түсініктеме берілгені - 358, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 83.

Open Almaty

«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2023 жылы 
қаңтар-қазан айлары аралығында 173 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,6%-ға көп. (2022 ж. – 65 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 153 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.

Кадр қызметі

Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штат саны 54 бірлікті құрайды. Нақты жұмыс істейтіндер – 43 қызметкер (оның ішінде 18 әйел, 25 ер адам)

 

Категория

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес лауазымның және санаттың атауы

Мемлекеттік қызметшілердің штат саны (бірлік)

Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны (адам)

Мемлекеттік органда үш жылдан астам жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілердің саны*

Таза ауысымдылық (Мемлекеттік қызмет жүйесінен өз еркімен кету)

7.       

8.       

9.       

10.    

11.    

12.    

Саяси

корпус А

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері

1

1

 

 

Е санаттарының тобы

Е-1

Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары

3

3

3

 

Е-2

Аппарат басшысы

1

1

1

 

Е-3

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

11

8

7

 

 

 

Е-4

Бас маман

38

30

10

 

 

Итого

54

43

21

 

Аудан әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Ақпараттық сервис»  базасы бойынша тексерілді. Мемлекеттік қызметшілердің соттылығы жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына ағымдағы жылы 11 мемлекеттік қызметші қатысты.

Тағылымдамадан өткендердің жалпы саны 2 мемлекеттік қызметкерді құрайды, бұл мемлекеттік қызметшілердің нақты санынан 5 % .

 2023 жылдың 10  айындағы тәртіптік тәжірибе бойынша ақпараты

Мемлекеттік органның атауы

штат

Тәртіптік жаза саны

оның ішінде

ескерту

сөгіс

Қатаң сөгіс

толық емес сәйкестік

туралы ескерту

лауазымынан төмендету

жұмыстан босатылғандар

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты

54

5

3

1

1

 

 

 

 

 

   

            

Дата публикации
22 ноября 2023