2023 жылғы 10 айда атқарылған жұмыстар туралы есебі \Қаржы-шаруашылық бөлімі

Наурызбай ауданы әкімі аппаратының                       2023 жылғы 10 айда атқарылған жұмыстар туралы есебі

Қаржы-шаруашылық бөлімі:

2023 жылы бюджеттен бөлінген сомасы 14 998 504,0  мың теңге.                 2023 жылғы 10 айда қабылданған міндеттемелердің сомасы 10 031 718 мың теңге 66,8 % құрайды.

          001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге                    938 059 000 тг бөлінді, 10 айда 800 337 053 тг төленді.   

003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге                    78 397 000 тг бөлінді, 10 айда 60 259 823 тг төленді.       

006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға                126 000 000  тг бөлінді, 10 айда 15 000 000 тг төленді.         

          008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 160 794 934 тг бөлінді, 10 айда 133 584 136 тг төленді.

          009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 1 696 182 000 тг бөлінді, 10 айда 1 319 858 269 тг төленді.

          011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыруға 3 464 924 000 тг бөлінді, 10 айда 2 903 849 026  тг төленді.

          022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына 19 497 000 тг бөлінді, 10 айда 2 535 200 тг төленді.

          029 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, оның ішінде ұйымдардың қызметін қамтамасыз етуге 3 332 786 000 тг бөлінді, 10 айда 2 317 931 765 тг төленді.

          030 Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2 577 000 тг бөлінді, 10 айда 477 170 153 354 тг төленді.

          031 Жергілікті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке 427 661 000 тг бөлінді, 10 айда 164 109 839 тг төленді.

          033 Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшінің және мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуге 391 836 000 тг бөлінді, 10 айда 209 678 541  тг төленді.

          035 Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға 395 326 000 тг бөлінді, 10 айда 168 119 419 тг төленді.

          036 Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, төлеу және жеткізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге 5 208 000 тг бөлінді, 10 айда 561 126 тг төленді.

          037 Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 178 584 000 тг бөлінді, 10 айда 115 515 035 тг төленді.

          039 Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі қызметтерге 34 680 000 бөлінді, 10 айда 23 120 000 тг төленді.

          043 Қаланы абаттандыруды дамытуға 746 562 000 бөлінді, 0 тг төленді.

          044 Шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруға 847 000 000 бөлінді, 10 айда 535 007 981 тг төленді.

          045 Елді мекендердің автомобиль жолдарын көшелерін ағымдағы жөндеуге 736 709 000 бөлінді, 10 айда 618 353 933 тг төленді.

          046 Спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруға 591 754 000 бөлінді, 346 813 999 тг төленді.

          056 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 424 921 000 тг бөлінді, 10 айда 269 395 522 тг төленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 ноября 2023