Наурызбай аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылдың қаңтар айынан қараша айының 1 - не дейін атқарылған жұмыстары туралы есеп ақпараты
Алматы қаласы Наурызбай аудандық әкімі аппаратының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2023 жылдары төмендегідей жұмыстар атқарылды:
2023 жылдың басынан Атаулы әлеуметтік көмекке аудан тұрғындарынан 836/4253 өтініш қарастырылды. Атаулы әлеуметтік көмекке жалпы төленген қаражаттың соммасы – 415 172 163 теңгені құрайды. (мемлекеттік әлеуметтік топтамасын алған бала саны – 732 отбасы / 1429 бала саны, соммасы – 48 448 350 тг. құрайды). Көп балалы отбасы – 404/адам саны - 2633, оның шінде бала саны – 1851.
Тұрғын үй көмегіне мұқтаж азаматтар саны бүгінгі күнде қабылданған өтініштер саны – 134. Төленген соммасы – 1 928 600 тг.
Алматы қаласы маслихат шешімімен төленетін әлеуметтік көмек алушылар саны - 8409, төленген қаражат соммасы шамамен 172 млн. теңге. Оның ішінде:
0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде (тарифтердің көтерілуіне байланысты өтемақы) әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 59 543 550 теңгеге 5 753 өтініш қабылданды, оның ішінде 5 000 өтініш берушіге 34 494 825 теңге төленді (шілде-қазан).
7 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек алушылар саны – 1036 зейнеткер, төленген қаражат соммасы 48 227 550 теңге.
20 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек алушылар саны – 1011 отбасы, төленген қаражат соммасы 67 758 000 теңге.
12 АЕК мөлшерінде емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтар арналған әлеуметтік көмек алушылар - 91 өтініш, төленген қаражат соммасы 18 096 577 теңге.
200 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмекке өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар 1 өтініш қабылдынып, төлемақы 690 000 төленді;
Санаторлы-курорттық емделуге – 503 зейнеткерден өтініш қабылданды.
Санаторлы-курорттық емделуге барған зейнеткерлердің шығынға өтеуге тапсырған өтініш саны – 9. Төленетін қаражат соммасы – 112 653 теңге.
2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленетін Алматы қаласының ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы) орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ-инфекциясын (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқтырған балаларға арналған әлеуметтік көмекке - 5 өтініш келіп түсті, төленген қаражат соммасы 2 920 824 теңге;
Газ жабдықтарын орнатуға және жүргізуге кеткен шығынды өтеу бойынша әлеуметтік көмекті 1 аудан тұрғыны алды, төленген қаражат соммасы 500 000 теңге.
Одан басқа:
9 мамыр Жеңіс Күніне арналған орай ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Еңбек фронтының қатысушыларына, ҰОС қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне арналған төлем 2023 жылы – 457 тұрғынға жүргізілді. Төленген қаржы соммасы 35 350 000 теңгені құрайды.
Бөлімде «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәсел елері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бұйрығына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жоғарыда аталған қызметтер, яғни жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші қызметімен, естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметімен, тифло-сурдотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдармен (кресло-арбалармен), міндетті гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық құралдармен, санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету бойынша - 2560 өтініш, қабылданды.
Сондай-ақ, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші қызметімен, естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметіне төленген қаражаттың соммасы – 214 271 246 теңгені құрайды.
- Жеке көмекшілер 287 мүгедекке өз қызметтерін көрсетеді.
- Ымдау тілі мамандары 66 мүгедекке өз қызметтерін көрсетеді.
- 925 мүгедектен шипажайларға өз денсаулықтарын түзеп кайтуға өтініш қабылданып, оның ішінде 513 адамға жолдама берілді, 337 адам тапсырыс берді.
- 91/70 бірінші топ мүгедектеріне арбалар берілді.
- 490/267 мүгедек жан мемлекеттік қаржы есебінен орындалатын тапсырысқа протезді-ортопедиялық Орталығына жолдама алды.
- 868/808 мүгедектен санитарлы-гигиеналық құралдарына өтініш қабылданды.
- 204/186 көру мүмкіндігінен айрылған мүгедектерден тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге өтініш қабылданды.
- 265/217 мүгедек адамнан сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз етуге өтініш қабылданды.
Сонымен қатар, 42 мүгедектер мен мүгедек балаларға инватакси қызметі көрсетіледі.
Аудандық бөлімде қараусыз қалған жалғызілікті қарттарды Әлеуметтік тұрғын үйіне, Арадагерлер үйіне және мүгедек балалар, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар жандарды мемлекеттік медико-әлеуметтік мекемелеріне 83 азаматтардан құжаттар қабылданып, психоневрологиялық медико-әлеуметтік ұйымдарына орналастырылды.
Жалғызілікті, жалғыз тұрып жатқан қарт адамдарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан әлеуметтік көмек алуға 4 өтініш қабылданды.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметіне – 98 өтініш қамтылып, толық төлемдер жүргізілді (6 391 858 тг).
Сонымен қатар, Наурызбай аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде - 43 мүмкіндігі шектеулі балаға 8 әлеуметтік қызметкермен үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Семей ядролық сынақ алаңындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеудегі кейбір мәселелер туралы» Қаулысын жүзеге асыру барысында есептік мерзімінде ақшалай өтемақы және куәлік алу үшін 174 іс құжаттары қабылданды.
2023 жылдың басынан «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапаттауға 71 өтініш қабылданып және марапатталды.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту үшін құжаттарды қабылдауымен жұмыс жүргізіледі. Ағымдағы жылдың басынан шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 9225 өтініш қабылданды, оның ішінде 1133 өтінішке бас тартылды.
Ағымдағы жылда Атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтардан телевизиялық абоненттік приставкалармен қамтамасыз ету үшін 7 өтініш қабылданды.
Жұмыс барысында бөлім мамандары 16 мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсетеді. Күнделікті және тоқсан сайын бөлім мамандары аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.
Бөлімде мемлекеттік қызметтер қызмет көрсетудің Заңға сәйкес қағидаларын басшылыққа алады.