Көріктендіру бөлімімен 2023 жылы 9 айда атқарылған жұмыстарының есебі

Көріктендіру бөлімімен 2023 жылы 9 айда атқарылған жұмыстарының есебі

Наурызбай ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімімен                     2023 жылы 9 айда келесі жұмыстар жүргізілді.

Арық желілері

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасымен  7 көшеде 10,6 км арық желілері салынды.

Жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, жалпы ұзындығы 98 км            92 көше арық желілерімен қамтамасыз етілді.Сондай-ақ, ағымдағы жылы "Щебер билдинг" ЖШС мердігерлік ұйымымен бірлесіп су басатын учаскелерге зерттеу жүргізіліп және де бүгінгі күні осы ұйым ауданның  5 көшесінде (Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының тапсырмасы бойынша) арық желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сыртқы жарықтандыру желілері

Ағымдағы жылы аудан аумағында «Халықтың бюджетка қатысу» бағдарламасы аясында 57 жарықтандырылмаған көшелер мен тұйық көшелерде сыртқы жарықтандыру желісін салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда жұмыстардың 90% орындалды. Толық аяқталу мерзімі қазан айының соңына дейін.

Жалпы, сыртқы жарықтандыру желілерімен барлығы 47 көше (1816 жарық нүктесі) қамтамасыз етілді. Есепті кезеңде сыртқы жарықтандыру желілері 382 көше мен учаскелерде (оның ішінде бау-бақша серіктестіктері) салынды.

Сондай-ақ, 41 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылған.

Көгалдандыру

2023 жылға арналған ауданның гүлді-сәндік безендіру көлемі  7 326 м2 құрайды. Оның ішінде қызғалдақтар – 1200 м2, раушандар – 1048 м2, көпжылдықтар-1078 м2, біржылдықтар – 4000 м2 отырғызылды.

2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес санитарлық кесу – 3500 ағаш, пішіндеп қырқу – 409 және бұзу – 350 апатты ағаш. Сондай-ақ, бүгінгі таңда 1500 ағашқа санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде. 10000 дана көшет отырғызу жұмыстары басталды.

«Халықтың бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 4 учаскеде автоматтандырылған суару жүйесі арқылы желілер тартылды (Мекен-жайы: Ақжар саябағы Ақсай көшесі, Санаторная көшесі серуендеу аймағы, Алатау даңғылы Абай даңғылынан Белжайлау көшесіне дейін, Алем Сити тұрғын үй кешені мен әкімшілік кешен арасындағы серуендеу аймағы).

Жерасты өткелдерін ағымдағы жөндеу

Бүгінгі таңда аудан аумағында 3 жерасты өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Мекен-жайы: 1-№7 МКК алдында, 2 - Жібек Жолы базарының алдында, 3-Сураншы батыр көшесінің қиылысы).

Жерасты өткелдерін ағымдағы жөндеу жұмыстар шеңберінде жоспарланған:

  1. Фарфор плиталарын төсеу – 2000м2;
  2. Жарықтандыру шамдарын ауыстыру-270п.м.
  3. Бейнебақылау камераларын ауыстыру-2 дана.
  4. Дыбыстық аспаптарды ауыстыру – 12 дана.
  5. Электр кабельдерін ауыстыру-400м.
  6. Суды ағызу үшін дренаж жүйесін орнату (қабырғаларды жуып, дымқыл тазалаудан кейін).
  7. Сәндік панельдерді орнату-240п.м.

Сондай-ақ, жер асты өткелдерінде ұялы телефондағы камера арқылы QR  кодын орнатуды жоспарлап отырмыз.  Ол Наурызбай ауданы бойынша (әлеуметтік нысандар, телефон нөмірлері және т.б.) туралы ақпаратты жылдам көрсетуді ұсынады. Толық аяқталу мерзімі қазан айының соңына дейін.

Көше тазалау

Аудан аумағында 348 көше бар, жалпы ұзындығы 295 км. Ауданның көшелерін тазалауға 3 мердігер ұйым жұмылдырылған. Ауданның санитарлық тазалау жұмыстары бөлім қызметкерлерінің күнделікті бақылауында. Сондай-ақ, күнделікті бақылауда қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Ағымдағы жылдың басынан бастап аудан аумағында 50 - ге жуық жергілікті сенбілік өткізілді, онда 3000 м3 қоқыс шығарылды.

- Сондай-ақ, тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша 3 қоқыс алаңы бөлшектелді.

- Қарғалы өзенінің арнасында 3 су жинайтын құрылыстар (гусактар) орнатылды.

 

 

 

 

Дата публикации
09 октября 2023