Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің  2023 жылдың 9 айында атқарған жұмысының есебі

Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің  2023 жылдың 9 айы бойынша атқарған жұмысы туралы есебі

2023 жылдың 9 айында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 20 отырысы өткізілді.

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп "жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады", "тоқтауға тыйым салынады" жол белгілерін ескермейтін автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында аудан бойынша рейдтер жүргізуден. Жыл басынан бері 60-тан астам автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қылмыс деңгейін төмендету үшін бейнебақылау камераларын орнату қажет орындардың тізімі жасалып, Алматы қаласы ПД жіберілді.

Алматы қаласының атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдарының деструктивті діни ағымдарға бейім тұлғаларды анықтау бойынша өзара іс-қимыл меморандумын іске асыру барысында Наурызбай ауданында 2023 жылдың басынан бері 187 адам анықталды.

Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Наурызбай ауданының әкіміне күнделікті тіркелген құқық бұзушылықтар саны және оларды ашу бойынша жиынтық ақпарат беріледі.

Дата публикации
09 октября 2023