Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің 2023 жылдағы 9 айлық есебі
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша аудандағы салық түсімдерінің сомасы 24,7 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 137%. Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 150%. Оның ішінде: республикалық бюждетке 8,2 млрд. теңге, жергілікті бюджетке 16,5 млрд. теңге.
2023 жылдың қаңтар-қазан айларының тоқсандық қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 8, млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 160,2% құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 77,8 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 79,5%.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 22,9 млрд. теңгені құрады, көтерме сауда көлемі 6,9 млрд. теңге.
Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 20 022, жұмыс істейтіндер- 18 514.
Қоғамдық көлік
Қазіргі таңда, аудан аумағында 25 бағытта (325 автобус) қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылы № 4, 50, 119 (49 автобус) бағыттағы автобустар жаңартылды.
Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Карьерная көшесі, "Алма сити-5" ТК, Алатау даңғылы, Сабденов көшесі, Әшімов көшесі, Абай даңғылы-Момышұлы метро станциясы № 49 (7автобус) жаңа бағыт ұйымдастырылды, бұл шағын аудан тұрғындарын қамтамасыз етті. Ақжар, «Алма Сити-5» ТК тікелей маршрутпен метро станциясына дейін.
Ағымдағы жылдың мамыр айында № 55 маршруттағы автобустардың саны 10 бірліктен 12 бірлікке дейін ұлғайтылды.
2023 жылғы 28 қыркүйекте № 212 маршруттағы автобустар жаңартылып, автобустар саны 14 бірліктен 22 бірлікке дейін ұлғайтылды.
Жоспарлар. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2 маршрутта жаңа жылжымалы құрамды күшейту және жаңарту жоспарлануда: № 50 (20 бірлікке дейін), 118 (25 бірлікке дейін).
Жол белгілері мен таңбалары
«СМЭУ» ЖШС мердігер компаниясымен 170 жол белгісі орнатылып, 80 қайта қалпына келтірілді, 30 «жаяу жүргіншілер өткелі» жол таңбасы жаңартылды.
4 мектепте балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілер өткелдерінің бойында қоршаулар орнатылды.
Ауданда 5 мыңнан астам жол белгілері бар.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, "үй жанындағы" дүкендердің мониторингі барысында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері 10 дүкенде әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% сауда үстемесін сақтамау бойынша бұзушылықтарды анықтады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау мақсатында Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жіберілді.