Электрондық құжат айналымының 2023 жылдың 9 айының ақпараты
Жалпы құжат айналым
Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2023 жылдың 9 айына 5125 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 215 – заңды тұлғадан, 2120 - жеке тұлғадан, 28 – директивтік, 2762 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар – 6405, оның ішінде: 208 - заңды тұлғадан, 2014 – жеке тұлғадан, 2602 – қызметтік, 1581 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 115 30 құрайды.
Жеке және заңды тұлға өтініштері
Аудан әкімінің аппаратына 2023 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғадан 2335 өтініш келіп түсті.
Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 2335, оның ішінде 673 – қанағаттанарлық, 223 - түсініктеме берілді, 1224 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.
Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері - 441, көріктендіру - 292, әлеуметтік қамтамасыз ету - 112, жер мәселесі – 88, қоғамдық көлік – 67, жол және жаяу жүргіншілер жолын жөндеу - 260, ҚТҚ шығару жөнінде – 99, және де басқада мәселелер – 976.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.
Қызметтік хат-хабар
Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2023 жылдың 9 айында 2762 қызметтік хат-хабар келіп түсті.
Азаматтарды қабылдау
«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі және әкім орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 61 қабылдау өткізілді (530 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 28 қабылдау (224 адам), оның орынбасарлары – 33 қабылдау (306 адам).
Өтініштерден оң шешілгені – 112, түсініктеме берілгені - 348, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 70.
Open Almaty
«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2023 жылы
қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 156 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,6%-ға көп. (2022 ж. – 65 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 138 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.