Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебі

I тоқсан

12 қаңтар ауданда балаларға арналған «Alan» жекеменшік спорт орталығы ашылды.

18 қаңтар шұғыла шағынауданы «Алма сити-5» тұрғын үй кешені аумағында 1200 орынға арналған №207 мектеп-лицейі ашылды.

2 ақпан Аудандық жастар кеңесі өтті.

Жастар саясатын дамытуға арналған іс-шаралар талқыланып, білім, спорт, жұмыспен қамту, жастарға арналған мемлекеттік және т.б. бағдарламалар аясында негізгі жұмыс жоспары құрылды.

10 ақпан  Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай отбасылық кітапханада «Әр өлеңі - бір әлем» атты әдеби сазды кеш өтті.

1 наурыз ауданымыздың тұрғындары мен бүлдіршіндері әртүрлі сала қызметкерлеріне «Алғыс айту күні» қарсаңында өз ризашылықтарын білдірді.

1 наурыз алғыс айту күніне орай Арай ардагерлер хоры «Домалақ Ана» қойылымын қойды.

3 наурыз Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының зейнет жасындағы жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде арнайы көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушыларына 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында сенбілік өткізілді.

4 наурыз қалалық «Супер келіншек» байқауында Наурызбай ауданының келіні Жазира Нұрболатқызы бас жүлдеге ие болды.
Отбасы құндылықтарын насихаттайтын және отбасы институтының дамуына үлес қосатын байқауға Алматы қаласының барлық аудандарының келіндері қатысты.

7 наурыз  «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында аудандық білім мекемелерінің әйел ұстаздары арасында волейболдан жарыс өтті.

8 наурыз Аудан жастары барша әйелдерді мерекемен құттықтап, гүл сыйлады.

8 наурыз  Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған аудандық шара өтті. Эстрада әншілері әннен шашу шашып, ауданның нәзік жанды аруларын мерекемен құттықтады.

9 наурыз Медициналық мекемелерде «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне» орай акциялар мен «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.

14 - 23 наурыз күндері  күн сайын сағат 18:00-20:00 аралығында Наурызбай ауданы әкімдігінің алаңында «Әз-Наурыз» атты 10 күндік мерекелік шарасы өтті.

Бағдарлама барысы:

  • Театрландырылған қойылым;
  • Эстрада жұлдыздары;
  • Би ансамбльдері;
  • Сұрақ жауап;
  • Ұлттық ойындар.

22 наурыз Алматы қаласы бойынша ең көлемді Наурыз мейрамы Наурызбай ауданында аталып өтті. Мерекеге 15 мыңнан аса адам қатысты, 18 қазақ киіз үйі тігіліп, әр киіз үй жанында салт-дәстүрден қойылым қойылды.    Іс-шарада эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен 5 сағаттық концерттік бағдарлама өтті .                                                                                                          Сонымен қатар, 1.5 тоннадан аса Наурыз көже, 2000-нан аса адамға бауырсақ таратылып, 15 түрлі спорттық жарыстар, садақ ату, сиыр сауу, қошқар көтеру және құрақ көрпе көрмесі, балалар алаңы, тамақтану орындары ұйымдастырылды

23 наурыз «Әз- Наурыз»  мерекелік шарасы болды.

23 наурыз Наурызбай ауданындағы «Alma city 5» тұрғын үй кешенінің аумағында қарттарға арналған «Сенім» тегін демалыс орталығы ашылды.

II тоқсан

1 сәуір  Наурызбай ауданының нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб жанындағы «Өрлеу» қоғамдық бастамасының мүшелері мен АҚШ Елшілігі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушылар есірткі бизнесіне қарсы күрес әдістерімен және нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

14 сәуір Алматы қаласы Наурызбай ауданының «Арай» ардагерлер қоры № 207 мектеп-лицейде «Домалақ ана және аңыз аналар» театрландырылған қойылымын өткізді.

30 сәуір «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай, Наурызбай ауданында тұратын әр-түрлі ұлт өкілдерінің, зиялы қауымның қатысуымен ұлттар достастығына байланысты конференция өтті.

30 сәуір «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өтті.

1 мамыр аудан тұрғындары мен қала қонақтарына арналған эстрада жұлдыздары мен аудандағы өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама, түрлі ұлт өкілдерінің көрмесі, жас суретшілерінің көрмесі, спорттық жарыстар, сонымен қатар, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырылды.

5 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «ҰҚК Шекара қызметі басқармасы» алаңында сарбаздардың ант беру рәсімі, аудан әкімінің әскери қызметкерлерді марапаттау шарасы және эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті.

6 мамыр  «ҚР Отан қорғаушылар күніне» орай 90 келіге дейін салмақ дәрежесінде палуандар арасында қазақ күресінен «Наурызбай барысы» турнирі өтті.

7 мамыр «7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күніне» орай Наурызбай ауданы қызметтік басқармалары арасында волейболдан жарыс өтті.

8 мамыр Ұлы Жеңіс күнінің 78 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл қою рәсімі.

9 мамыр Ұлы Отан соғысының батыры - 98 жастағы Жұбаниязов Бейсенғали Айтжанұлының ауаласында «Ұлы Жеңіске-78жыл» толуына орай Шекара қызметі басқармасы офицерлері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери оркестрімен құттықтау шарасы ұйымдастырылды.

10 мамыр Ұлы Отан соғысының батыры 97 жастағы Подкользин Леонид Никитичтің ауаласында «Ұлы Жеңіске - 78жыл» толуына орай Шекара қызметі басқармасы офицерлері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери оркестрімен құттықтау шарасы ұйымдастырылды.

10 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай аудандық мерекелік шара өтті. Шара барысында тыл ардагерлері, зейнеткерлер, аудан тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама, дала асханасы құрылып, солдат ботқасы таратылды.

 Сонымен қатар, әскери қоян-қолтық ұрыс, қару жарақ көрмесі, кітаптар мен суреттер көрмесі, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырылды.

15 мамыр халықаралық отбасы күніне орай Наурызбай ауданы Белсенді Ұзақ Өмір сүру орталығында «Отбасым - менің қазынам» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

29 май Алматы қаласы Наурызбай ауданында № 174 мектеп-гимназия ғимаратында «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмас» атты «Әкелер Форумы» өтті.

30 мамыр Алматы қаласы Наурызбай ауданының 2022-2023 оқу жылының 10-сынып оқушылары арасында «CUP UKIDS 2023» шағын футболдан блицтурнирі өтті.

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан әкімі «Шапағат» күндізгі болу орталығындағы балаларға сыйлықтар табыстап, мерекемен құттықтады.

2 маусым «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай ауданның жас өнерпаздарымен концерт ұйымдастырылып, шығармашылық және спорттық жарыстарда жеңіске жеткен балалар марапатталды.

Жас шеберлер мен суретшілердің туындыларынан көрме ұйымдастырылды.

 Сонымен қатар, сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.

2 маусым аудандағы барлық білім мекемелерінде «1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, 10 000 -нан аса баланы қамтыған түрлі шаралар ұйымдастырылды.

4 маусым «ҚР Мемлекеттік Рәміздері күнінде» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.

4 маусым «4 маусым - ҚР Рәміздер күніне» орай Наурызбай ауданы жастарымен Мемлекеттік тулармен көліктер шеруі өтті.

9 маусым аудан әкімі Назира Асылбекқызы зиялы қауым, өнер, ғылым және спорт өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесуге Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер, режиссер, театр педагогы Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет және т.б. қатысып, ауданда бірқатар ауқымды іс-шараларды өткізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, «Қазақ күресі» бойынша қалалық турнирде «Алматы барысы» атағын жеңіп алған ауданымыздың тұрғыны Жансерік Жұмабайды құттықтады.

14 маусым аудандағы медицина қызметкерлері арасында «Qazaq stroy» құрылыс компаниясының қолдауымен волейболдан жарыс өтті.

15 маусым ашық аспан астындағы «Родной» комедиялық фильмінің көрсетілімі.

16 маусым аудандағы мемлекеттік қызметкерлер арасында «Qazaq stroy» құрылыс компаниясының қолдауымен футболдан жарыс өтті.

26 маусым «Өмірмен есірткі үйлесімді емес» форумы ұйымдастырылды. Іс - шара барысында аудандық билік пен полиция аудандағы жасөспірімдердің нашақорлық тәуелділіктен сақтану ұсыныстарын тыңдап, жұмыс барысына қабылдады.

Барлығы: 39 іс – шара.

 

Дата публикации
26 июля 2023