Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары туралы талдамалық анықтама

2023 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары туралы талдамалық анықтама

«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ
(әрі қарай – әкім аппараты) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы (әрі қарай – СЖТІТ) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік Қағидаларына сәйкес жүргізілді.

СЖТІТ аудан әкімінің өкімі негізінде, әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі, ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен жүргізіліп, СЖТІТ жүргізілуіне басшылық, үйлестіру және жауапкершілік әкім аппараты басшысына жүктелді.

СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) персоналды басқару саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мүдделер қайшылығы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

СЖТІТ 2023 жылғы 23 - 27 маусым аралығында жүргізіліп, талданатын кезең 2023 жылғы 1 жарты жылдық белгіленген.

Персоналды басқару саласында СЖТІТ

Келесі құжаттар қаралды:

  1. Аудан әкімінің жанындағы консультативтік-кеңестік органдар;
  2. Аудан әкімінің аппараттық және көшпелі жиындарының хаттамалары;
  3. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері.

Осы бағытта тәуекелдер анықталмады.

Мүдделер қайшылығы саласында СЖТІТ

Келесі құжаттар қаралды:

  1. Аудан әкімінің жанындағы консультативтік-кеңестік органдар;
  2. Аудан әкімінің аппараттық және көшпелі жиындарының хаттамалары;
  3. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері.

Осы бағытта тәуекелдер анықталмады.

Аудан әкімі                                                            Н.Тоғызбаева

Ауданы әкімі аппаратының басшысы орынбасары                     Д.Мұхамеджанова

МҚБ басшысы                                                          Н.Бейсеков

Дата публикации
27 июня 2023