Наурызбай ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Алматы қаласы

Наурызбай ауданы әкімінің

2023 жылғы 15 наурыздағы

№7-Ө өкіміне № ____

қосымша

Наурызбай ауданы әкімі аппаратының

коммуналдық шаруашылық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
  2. Коммуналдық шаруашылық бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бағынады.
  3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі.
  5. Бөлім құрамы:
  • бөлім басшысы;
  • бас маман;
  • бас маман;
  • бас маман.
  1. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің мақсаттары,
    құқықтары мен міндеттері
  2. Міндет: Су, кәріз, электр, газ және телекоммуникация желілерінде құрылыс-монтаждық жұмыстардың жүргізілуі және пайдалануға берілуі бойынша атқарылатын жұмыстарды үйлестіру.

Мақсаты:

  • Аудан тұрғындарын сапалы су және кәрізбен қамтамасыз ету, су өткізу қабілеттілігін арттыратын құрылыс жұмыстарын жүргізуді, сонымен қатар инженерлік желілерді пайдалануында кешенді жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Аудан тұрғындарын сапалы газ, жылу және ыстық су қызметімен қамтамасыз ету, газ желілері мен газ реттеуіш шкафтарға және жылу желілеріне техникалық қызмет көрсету, жылыту маусымына газ шаруашылығын және жылу желілерін әзірлеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
  • Аудан тұрғындарын сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, тозығы жеткен электр тарату желілерін ауыстыру, трансформатор қондырғыларының қуаттылығын арттыру, электр желілерінің пайдаланылуында кешенді жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру.
  • уәкілетті органдарға заңсыз құрылыс нысандарын анықтау, жер телімдерін еріксіз басып алу, қолданыстағы емес және мақсатсыз қолданыстағы жер телімдерді алдын алуға ықпал ету.
  1. Міндет: кондоминиум нысандарында санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету.

Мақсаты:

  • ПИК (пәтер иелері кооперативтері), бау-бақша бірлестіктері (ТК, БСТК) және коттедждік қалашықтармен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында қарым-қатынас орнату.
  • Кондоминиум нысандарында көріктендіру (аулаларды күрделі жөндеуден өткізу), жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың сақталуын қамтамасыз етуде жұмыстар ұйымдастыру.
  • Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында мемлекеттік және қалалық бағдарламаларға қатысу жұмыстарын ұйымдастыру және бақылауға алу; («ТКШ жаңғырту», «Аула аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру», «Қауіпсіз қала», «Ескі үйлерді сүру» және т.б.).
  • Аудандағы бейіттерді  тиісті жағдайда күтіп ұстау жұмыстарын үйымдастыру және үйлестіру;
  • Жер қазба жұмыстары жүргізілген жағдайда мониторинг жасау, жол төсеніштері мен жаяу жүргінші жолдарын, жасыл жекелектердің қайта қалпына келтірілуін үйлестіру;
  • Коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен бірлесіп дебиторлық берешекті төмендету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Міндеттелген лауазымдық нұсқаулықтардың шегінде аудан әкімінің шешімдерін әзірлеуге қатысу.
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштермен хаттарды қарастыру.
  1. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің құқығы мен міндеттері

1) Бөлімге міндеттелген тапсырмаларды орындау үшін аудан әкімі аппаратындағы бөлімдерден, ауданның құрылымдық қызмет бөлімдерінен, басқада мекемелерден қажетті ақпараттар мен мәліметтер сұрауға.

2) Аудан әкіміне бөлімнің және жалпы ауданның дамуы бойынша ұсыныстар енгізеді.

3) Аудан әкімі аппаратындағы тиісті бөлімдермен, қалалық және аудандық қызметтермен қарым-қатынас орнату.

  1. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметін ұйымдастыру
  2. Бөлім басшысы және бөлімнің бас мамандары лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады.
  3. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпке жауап береді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

 

 

 

Дата публикации
26 апреля 2023