Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің 1 тоқсан есебі
2023 жылдың I тоқсандық қорытындысы бойынша аудандағы салық түсімдерінің сомасы 7,8 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 158%.
Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 149%. Оның ішінде: республикалық бюждетке 3,2 млрд. теңге, жергілікті бюджетке 4,6 млрд. теңге.
2023 жылдың I тоқсандық қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 2,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 135,6% құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 19,8 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 99,1%.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 4,1 млрд теңгені құрады, көтерме сауда көлемі 966 млн теңге.
Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 18 968, жұмыс істейтіндері - 17 426.
Қоғамдық көлік
Қазіргі таңда аудан аумағында 25 бағытта қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
№31, 67 маршруттар Карьерная көшесі бойымен ұзартылды.
Алатау, Абай даңғылдарын қамту арқылы №78 маршруттың схемасы өзгертілді.
№55 маршруттағы автобустардың саны 10 бірлікке дейін ұлғайтылды.
№14, 26 маршруттағы автобустар жаңартылды.
Аудан аумағында бар жалпы 124 аялдама бекеттерінің, 94-і 2016-2018 жж. жаңадан орнатылды. 2019 жылы 15 жаңа аялдама орнатылды.
Ағымадағы жылы «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 10 аялдама конструкциясы орнатылды.
Жол белгілері мен таңбалары
«СМЭУ» ЖШС мердігер компаниясымен 150 жол белгісі орнатылып, 70-і қайта қалпына келтірілді, 25 «жаяу жүргіншілер өткелі» жол таңбасы жаңартылды.
Сабденов көшесі және Шаляпин көшесі бойында 2 бағдаршам нысаны орнатылды.
Ауданда 5 мыңнан астам жол белгілері бар.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.