2023 жылдың І тоқсанына арналған электрондық құжат айналымы туралы ақпарат
Жалпы құжат айналым
Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2023 жылдың І тоқсанында 1302 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 69 – заңды тұлғадан, 381 - жеке тұлғадан, 8 – директивтік, 844 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар – 1830, оның ішінде: 67 - заңды тұлғадан, 373 – жеке тұлғадан, 745 – қызметтік, 645 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 3132 құрайды.
2023 жылдың І тоқсанында жалпы құжат айналым 3132 хат-хабарды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,5 %-ға көп (2021 ж.- 2269 құжат айналымды құрады).
Жеке және заңды тұлға өтініштері
Аудан әкімінің аппаратына 2023 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғадан 450 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5 %-ға көп (2022 ж. – 344 өтініш келіп түскен).
Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 450, оның ішінде 99 – қанағаттанарлық, 169 - түсініктеме берілді, 182 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.
Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері - 122, көріктендіру - 79, әлеуметтік қамтамасыз ету - 45, жер мәселесі – 38, қоғамдық көлік – 20, жол және жаяу жүргіншілер жолын жөндеу - 18, ҚТҚ шығару жөнінде – 15, және де басқада мәселелер – 113.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.
Қызметтік хат-хабар
Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2023 жылдың І тоқсанында 844 қызметтік хат-хабар келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 %-ға көп (2022 ж. – 676 қызметтік хат-хабар келіп түскен).
Азаматтарды қабылдау
«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі және әкім орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 32 қабылдау өткізілді (246 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 10 қабылдау (109 адам), оның орынбасарлары – 22 қабылдау (137 адам).
Өтініштерден оң шешілгені – 45, түсініктеме берілгені - 169, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 32.
Open Almaty
«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2023 жылы
қаңтар-наурыз айлары аралығында 34 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4%-ға көп. (2022 ж. – 25 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 34 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.