Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2023 жылдың І тоқсаны бойынша есебі

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  2023 жылдың І тоқсаны бойынша есебі

12 қаңтар Ауданда балаларға арналған «Alan» жекеменшік спорт орталығы ашылды.

18 қаңтар Шұғыла шағынауданы «Алма сити-5» тұрғын үй кешені аумағында 1200 орынға арналған №207 мектеп-лицейі ашылды.

2 ақпан Аудандық жастар кеңесі өтті.

10 ақпан  Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай отбасылық кітапханада «Әр өлеңі - бір әлем» атты әдеби сазды кеш өтті.

1 наурыз Аудан тұрғындары мен бүлдіршіндері әртүрлі сала қызметкерлеріне «Алғыс айту күні» қарсаңында өз ризашылықтарын білдірді.

1 наурыз Алғыс айту күніне орай "Арай" ардагерлер хоры «Домалақ Ана» қойылымын қойды.

3 наурыз Наурызбай ауданы әкімі аппаратының зейнет жасындағы жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде арнайы көмек көрсету бөлімшесімен қызмет алушыларға 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында сенбілік өткізілді.

4 наурыз Алматы қалалық «Супер келіншек» байқауында Наурызбай ауданының тұрғыны Жазира Нұрболатқызы бас жүлдеге ие болды.
Отбасы құндылықтарын насихаттайтын және отбасы институтының дамуына үлес қосатын байқауға Алматы қаласының барлық аудандарының іріктелген келіндері қатысты.

7 наурыз  «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында аудандық білім мекемелерінің әйел ұстаздары арасында волейболдан жарыс өтті.

8 наурыз Аудан жастары әйел - Аналарды мерекемен құттықтап, гүл сыйлады.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған аудандық шара өтті. Эстрада әншілері әннен шашу шашып, ауданның асыл әже, ардақты ана, нәзікжанды аруларын мерекемен құттықтады.

9 наурыз Медициналық мекемелерде «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне» орай акциялар мен «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.

14 -23 наурыз күндері  күн сайын сағат 18:00-20:00 аралығында Наурызбай ауданы әкімдігінің алаңында «Әз-Наурыз» атты 10 күндік мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді.

Бағдарлама барысы:

  • Театрландырылған қойылым;
  • Эстрада жұлдыздары;
  • Би ансамбльдері;
  • Сұрақ - жауап;
  • Ұлттық ойындар.

22 наурыз Алматы қаласы бойынша ең көлемді Наурыз мейрамы Наурызбай ауданында аталып өтті. Мерекеге 15 мыңнан аса тұрғындар қатысты, 18 қазақ киіз үйі тігіліп, әр киіз үй жанында салт-дәстүрден қойылым қойылды.    Іс-шарада эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен 5 сағаттық концерттік бағдарлама өтті .                                                                                                          Сонымен қатар, 1.5 тоннадан аса Наурыз көже, 2000-нан аса адамға бауырсақ таратылып, 15 түрлі спорттық жарыстар, садақ ату, сиыр сауу, қошқар көтеру және құрақ көрпе көрмесі, балалар алаңы, тамақтану орындары ұйымдастырылды

Барлығы: Бірінші тоқсан есебі бойынша 23 іс - шара қамтылды.

 

 

Дата публикации
05 апреля 2023