Наурызбай ауданы әкімі аппаратының 2023 жылғы І тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы есебі\Қаржы-шаруашылық бөлімі:
2023 жылы бюджеттен бөлінген сомасы 4 411 048,0 мың теңге.
2023 жылғы І тоқсанда қабылданған міндеттемелердің сомасы 1 100 399,1 мың теңге (25%) құрайды, жылдың басынан бастап 594 269,9 мың теңге (14%) төленді.
001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 389 359 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 114 815 255 тг, 86 793 701 тг төленді.
003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге 76 973 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 8 572 481 тг, 8 572 481 тг төленді.
006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға 26 000 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 0 тг, 0 тг орындалды.
008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 224 425 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 224 425 000 тг, 37 401 999 тг төленді.
009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 1 432 667 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 1 344 316 316 тг, 391 910 999 тг төленді.
011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыруға 2 331 952 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 66 303 720 тг, 60 303 720 тг төленді.