Көріктендіру бөлімінің 2023 ж. I тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы есебі

Көріктендіру бөлімінің  2023 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы есебі

Аудан аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша мердігерлік ұйымдар басшыларының қатысуымен комиссиялық аралау жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар мерзімінде жойылады.

Бұдан басқа, Алматы қаласының санитарлық тазалау және абаттандыру жөніндегі қалалық штабының хаттамалары негізінде күнсайын Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы ұсынған аудан аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша ескертулер пысықталды.

«Алматы Тазалық» МКК, «Стамп сервис» ЖШС және «RBS Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымдары 2023 жылға арналған шарттар негізінде қалалық, аудандық және жергілікті маңызы бар көшелерді тазалау жұмыстарын жүргізді.

Бұл ретте келесі жұмыс түрлері орындалды:

- сыпыру, қар күреу;

- жолдарға тайғаққа қарсы қоспа себу;

- аумақтық тазалау жұмыстары;

- аумақты механикаландырылған жинау;

- урналарды тазалау және дезинфекциялау;

- қарды тиеу және шығару;

- арық желілерін тазалау.

Сондай-ақ, жыл басынан бері аудан аумағында аудан тұрғындары мен мердігер ұйымдардың қатысуымен 30 жергілікті сенбілік өткізіліп, 1000 м3 қоқыс шығарылды. Өзен арналарын тазалау және тереңдету жұмыстарын жүргізу кезінде 400 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

«Алматы қала жарық» МКК-мен бірлесіп сыртқы жарықтандырудың ақаулы желілері мен шамдарын жою, жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жаңа құрылысты және көше-жол желісін орташа жөндеуді, арық желілері мен тротуарлардың жаңа құрылысын талап ететін көшелерді тексеру бойынша жұмыс жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша көшелер тізімі 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізу үшін тиісті басқармаларға берілді. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының тапсырысы бойынша «Дортранс» ЖШС мердігерлік ұйымымен жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар басталды.

Магистральдық көшелерге ағымдағы шұңқырлы жөндеу жүргізуге кірісті. Жұмысқа 15 Жол жұмысшы, 6 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды.

Ағымдағы айда 31 көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп, Жасыл желектерді отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы белсенді жүргізілуде:

  1. Шұғыла ш/а Алатау даңғылы, 1200 орынға арналған мектеп. Аяқтау мерзімі 2023 жылғы III тоқсан
  2. Шұғыла ауданындағы, мектеп жасындағы балаларға арналған 675 орындық инновациялық шығармашылық орталығы.. Аяқталды.
  3. 3. 1200 орынға арналған мектеп «Шұғыла сити» ТК. Аяқтау мерзімі 2023 жылы III тоқсан.
  4. Шұғыла шағынауданы Сәбденов көшесі 320 орындық балабақша салу. Аяқталу мерзімі 2024-2026 жж.
Дата публикации
04 апреля 2023