Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары туралы талдамалық анықтама

2022 жылдың 4 тоқсаны бойынша «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары туралы талдамалық анықтама

«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ(әрі қарай – әкім аппараты) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы (әрі қарай – СЖТІТ) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік Қағидаларына сәйкес жүргізілді.

СЖТІТ аудан әкімінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №135 н/қ өкімі негізінде әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі, қаржы-шаруашылық бөлімімен жүргізіліп, СЖТІТ жүргізілуіне басшылық, үйлестіру және жауапкершілік әкім аппараты басшысына жүктелді.

СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

СЖТІТ 2022 жылғы 14 - 19 желтоқсан аралығында жүргізіліп, талданатын кезең 2022 жылғы 4 тоқсан белгіленген.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерге байланысты СЖТІТ

Келесі құжаттар қаралды:

  1. Аудан әкімінің жанындағы консультативтік-кеңестік органдар;
  2. Аудан әкімінің аппараттық және көшпелі жиындарының хаттамалары;
  3. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері.

Осы бағытта тәуекелдер анықталмады.

Қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты СЖТІТ

Келесі құжаттар қаралды:

  1. Мемлекеттік сатып алудың құжаттары мен келісім шарттары;
  2. Аударым, салық және жалақы төлемдерінің есептері бойынша құжаттар;
  3. Бюджеттік тапсырыстар мен есептер.

Осы бағытта тәуекелдер анықталмады.

Аудан әкімі                                 С. Тоғай

Ауданы әкімі аппаратының басшысы орынбасары          Д. Мұхамеджанова

МҚБ басшысы                  Н. Бейсеков

ҚШБ басшысы            Е. Қасымжанов

Дата публикации
22 февраля 2023