2022 жылға арналған электрондық құжат айналымы туралы ақпарат

2022 жылға арналған электрондық құжат айналымы туралы ақпарат

Жалпы құжат айналым

Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2022 жылда 5550 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 263 – заңды тұлғадан, 1863 - жеке тұлғадан,  23 – директивтік, 3401 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар – 7758, оның ішінде: заңды тұлғаға жауап - 262, 
жеке тұлғаға - 1858, қызметтік хат хабарға - 3390,  бастамашыл құжат - 2248.               Жалпы құжат айналымы – 13 308  құрайды.

2022 жылда жалпы құжат айналым 13 308 хат-хабарды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 %-ға кем (2021 ж.- 13 484 құжат айналымды құрады).

Жеке және заңды тұлға өтініштері

2022 жылда жеке және заңды тұлғадан 2126 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  17 %-ға көп (2021 ж. – 1754 өтініш келіп түскен), оның ішінде: 138 – қанағаттанарлық, 713 - түсініктеме берілді, 1275 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.

Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері - 723, көріктендіру - 442, әлеуметтік қамтамасыз ету - 82, жер мәселесі – 104, қоғамдық көлік – 75, жол және жаяу жүргіншілер жолын жөндеу - 67, ҚТҚ шығару жөнінде – 53, және де басқада мәселелер – 580.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.

Қызметтік хат-хабар

Сондай-ақ 2022 жылда 3401 қызметтік хат-хабар келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 %-ға аз (2021 ж. – 3859 қызметтік хат-хабар келіп түскен).

 

Дата публикации
10 января 2023