Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2022 жылғы есебі

 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2022 жылғы есебі

І -тоқсан

11 қаңтар «Қаңтар оқиғасы» кезеңінде азқамтылған отбасыларға демеушілер және белсенді жастардық қолдауымен азық-түлік жинақтары жеткізілді.

 

12 қаңтар қоғам қайраткерлері арасында «Күшіміз бірлікте» тақырыбында әлеуметтік роликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

 

16 қаңтар елдегі төтенше жадай барысында қызмет етуші әскерилер мен полиция қзметкерлеріне аудан жастарымен  ыстық тамақ таратылды.

 

24 қаңтар Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай Наурызбай ауданының білім мекемелерінің оқушылары арасында «Қазақтың үш биі және Қазақ хандығының заңдары» тақырыбында дебат турнирі өтті.

 

3 ақпан Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай аудан мектептерінің 8 сынып оқушылары арасында қашықтықта «Kahoot» платформасында «Қырық мысал» интеллектуалдық сайысы өтті.

 

4 ақпан Мемлекеттік мекемелердің басшыларымен жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті.

 

9 ақпан  Наурызбай ауданы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл штабының нәтижелі және тиімді жұмысын арттыру мақсатында «Забота» дағдарыс орталығымен кезекті семинар-тренинг өткізілді.

 

12 ақпан аудандық «Жастар кеңесі» өтті.

 

14 ақпан білім мекемелерінің дәстүрлі оқу форматына көшуіне байланысты мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуы бойынша аралау жұмысы жүргізілді.

 

15 ақпан «Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің біржолата шығарылған күніне» орай ауған соғысы ардагерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

15 ақпан құзырлы мекеме қызметкерлерімен құрылған «Жастар» жұмыс тобының отырысы өтті.

 

17 ақпан – 28 ақпан аралығында барлық білім мекемелерінде ауған соғысы ардагерлерімен «Ерлік ізі өшпейді» тақырыбында кездесу кештері ұйымдастырылды.

 

17 ақпан  «Жастар ресурстық орталығының» белсенді жастары аудандағы жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын мұз-қардан тазалап, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

 

17 ақпан аудан жастарымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, ахметтанушы Райхан Имаханбетқызымен мұражай үйіне онлайн саяхат жасалды.

 

18 ақпан  аудан ұстаздары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты жыр байқауы өтті.

19 ақпан  «Қаңтар оқиғасы» барысында халықтың әлеуметтік осал тобына қолдау көрсеткен кәсіпкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

 

24 ақпан аудан зейнеткерлері арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды.

26 ақпан аудан жастары арасында баскетболдан өзара жарыс өтті.

 

1 наурыз барлық білім мекемелерінде оқитын өзге ұлт өкілдерінің балалары және ата-аналары әлеуметтік желіде «Қазақ еліне мың алғыс!» бейне челленджін жариялады.

 

1 наурыз Алғыс айту күнінде түрлі этностар арасында жыл сайын дәстүрге айналған «Бір шаңырақ астында» акциясы өтті.

 

2 наурыз «Бір ұлт - бір отбасы» қайырымдылық акциясы аясында аудандық ұйғыр диаспорасының төрағасы Малик Қадырұлының ұйымдастыруымен «Шапағат» әлеуметтік орталығындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға мерекелік сыйлықтар таратылды.

 

2 наурыз аудандағы түрлі этнос өкілдері әртүрлі сала қызметкерлеріне «Алғыс айту күні» қарсаңында өз ризашылықтарын білдірді.

 

3 наурыз аудан әкімінің төрағалығымен және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Қ. Шалабаевтың қатысуымен Наурызбай аудандық  «Қазақ тілі» қоғамы филиалын және бастауыш ұйымдарды құру туралы кеңес өтті.

 

3 наурыз аудандық отбасылық кітапханада «Т.Айбергенов» жұрналының редакторы Салтанат Айбергеновамен оқырмандар кездесуі өтті.

 

4 наурыз аудандық отбасылық кітапханада ақын, сазгер Жолдыбай Музаппаровпен оқырмандар кездесуі өтті.

 

5 наурыз «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында аудандық білім мекемелерінің әйел ұстаздары арасында волейболдан жарыс өткізілді.

 

6 наурыз жалғызбасты зейнеткерлер үйінде «Қарттарым - асыл қазынам!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды.

 

6 наурыз «Qulpynai Bakery» наубайханасының кәсіпкері және гүл бағбандарының қатысуымен «Тазалық» мердігерлік ұйымының аналарына 8-наурыз мерекесіне гүл шоқтарын сыйлады.

 

7 наурыз аудан жастарына ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Құрақ көрпе» тігу «Ұрпақтар сабақтастығы» атты шеберлік сағаты өткізілді.

 

8 наурыз «8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне» орай мерекелік концерт өтті.

 

8 наурыз аудан жастарымен бірге көшедегі кездейсоқ әйел-қыздарға гүл сыйлау шарасы өтті.

 

9 наурыз аудандағы қалалық емхана қызметкерлерлері «Ашық есік күндерін» және зейнеткерлерге үйде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырды.

 

14 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай, білім мекемелерінің жас мамандары арасында «Жеті ата, жеті ұрпақ» тақырыбында ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.

 

17 наурыз аудандық отбасылық кітапханада ақын Бауыржан Әліқожамен оқырмандар кездесуі өтті.

 

18 наурыз аудандық мемлекеттік және кәсіптік мекеме қызметкерлерімен «Қазақ тілі» қоғамын және бастауыш ұйымдарын құру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру тақырыбы аясында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Құсман Кәрімұлы Шалабаевпен жиналыс өтті.

 

19 наурыз аудандық мектеп оқушылары арасында асық атудан жарыс өтті.

 

20 наурыз аудандағы қалалық емханаларда «Наурыз мейрамына» орай емделушілерге ұлттық тағамдар мен бауырсақтан дәм татқызды.

21 наурыз Алматы қаласы бойынша ең көлемді Наурыз мейрамы Наурызбай ауданында аталып өтті. Мерекеге 10 мыңнан аса адам қатысты, 18 қазақ киіз үйі тігіліп, әр киіз үй жанында салт-дәстүрден қойылым қойылды. 1.5 тоннадан аса Наурыз көже, 2000-нан аса адамға бауырсақ таратылып, 15 түрлі спорттық жарыстар, садақ ату, сиыр сауу, қошқар көтеру және құрақ көрпе көрмесі, балалар алаңы, тамақтану орындары ұйымдастырылды.

 

24 наурыз  «Жастар және руханият» тақырыбында аудан жастарының Наиб Мүфти Кенжеәлі Мырзабаевпен кездесуі өтті.

 

25 наурыз аудандағы жекеменшік балабақшалардағы тәрбиешілер арасында «Монтесорри технология» тақырыбында сайыс өтті.

 

28 наурыз заманауи ұлттық нақыштағы киімдер тігуден білім мекемелері арасында сайыс өтті.

29 наурыз мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті.

30 наурыз Қазақстан-Ресей медицина университетінің Психиатрия және наркология кафедрасының профессоры Қайратбек Талғатбекұлы Сарсембаев аудандағы мекемелердегі психологтар, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жасөспірімдер ісіне жауапты инспекторларға «Жасөспірімдер психологиясы» тақырыбында дәріс-семинар

Барлығы 43 шара өтті.

ІІ тоқсан:

2 сәуір білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті.

 

7 сәуір  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және Наурызбай ауданының ТЖ басқармасымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге арналған айлыққа белсенді қатысқаны үшін аумақта орналасқан барлық мектептер марапатталды.

 

8 сәуір аудандық отбасылық кітапханада Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында әдебиеттанушы Мақсат Дүйісмағамбетов, журналист Аманжан Еңсебайұлы, жазушы Нұрдаулет Ақыштың қатысуымен мектеп ұстаздары және оқушыларымен кездесу өтті.

11 сәуір нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл штабының мүшелеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.

 

18 сәуір білім және медицина саласының қызметкерлерімен Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, көпбалалы аналар және ардагерлер кеңесі мүшелерінің арасында аудандық дебат турнирі өтті.

 

26 сәуір №15 санаториялық мектеп-интернатының ұйымдастыруымен дзюдодан қалалық ашық біріншілік өтті.

 

28 сәуір аудандық кітапханада балалар әдебиетінің ақын-жазушыларымен дөңгелек үстел өтті.

 

28 сәуір 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында аудан жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті.

 

29 сәуір Алматы қаласы жастары арасында өткен шағын футболдан жарыста Наурызбай ауданы Жастар құрамы  жүлделі 3 орынға ие болды.

 

1  мамыр «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі» күні мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

3 мамыр есірткі және есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі штабының жұмысы аясында нарколог-дәрігердің қатысуымен аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары мен ата-аналарға дәрістер өткізілді.

 

3 мамыр 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Наурызбай ауданының мемлекеттік қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.

 

7 мамыр «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай «ҰҚК Шекара қызметі басқармасы» алаңында сарбаздардың ант беру рәсімі және аудан әкімінің әскери қызметкерлерді марапаттау шарасы.

 

9 мамыр «Ұлы Жеңіс күнінің 77» жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл қою рәсімі.

 

9 мамыр  Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай аудандық мерекелік шара өтті.

 

15 мамыр «Халықаралық Отбасы күніне» орай Наурызбай ауданының Білім орталықтарының өнерлі жастары мен жасөспірімдері саябақта қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік шара өткізді.

 

23 мамыр аудандық кітапханада Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жанәділ Райымбек және әнші, композитор Ұшқын Жамалбектің қатысуымен «Тәрбие басы - тал бесік» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

25 мамыр аудандық білім мекемелерде «Сыңғырла соңғы қоңырау» шарасы өтті.

 

27 мамыр Алматы қаласы жастары арасында «SARBAZ RACE - 2022» әскери-патриоттық ойындардан жарыс өтті.

 

27 мамыр ауданның белсенді жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

1 маусым «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай аудандық мерекелік шара өтті.

 

2 маусым денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымы балалар күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

 

4 маусым ҚР Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына орай аудан жастары автошеру ұйымдастырды.

 

4 маусым ҰҚК Шекара қызметі басқармасындағы Отан алдындағы борышын өтеуші сарбаздардың Мемлекеттік Гимнді орындады.

 

4 маусым мемлекеттік қызметкерлер мен ауданның ардагерлері Мемлекеттік Гимнді орындады.

 

11 маусым ауданымыздағы №186 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Серік Али Асылұлы 2022 жылы спорттың Муайтай түрінен 51 кг салмақта ересектер арасында ең жас Әлем чемпионы атанып, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанды.

 

13 маусым Наурызбай ауданында жекеменшік балабақшалардың бүлдіршіндері арасында каратэден турнир өтті.

Барлығы 27 шара өтті.

 ІІІ тоқсан:

1 шілде «Ұлттық домбыра» күні қарсаңында аудандық кітапханада жазушы, этнограф Данияр Әлбозыммен жас домбырашылардың кездесуі өтті

3 шілде «Ұлттық домбыра күніне» орай Наурызбай ауданы өнер орталықтарының бүлдіршіндері ұлттық күйлерден флешмоб ұйымдастырды.

6 шілде «6 шілде - Астана күні» мерекесіне орай аудан тұрғындары мен қала қонақтарына арналған эстрада жұлдыздары мен аудандағы өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама, ұлттық бұйымдар көрмесі, «Bilim club» өнер орталығының 100 жас суретшілерінің көрмесі, шахматтан спорттық сайыс, балабақша бүлдіршіндері арасында асфальтта сурет салу сайысы, сонымен қатар, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырылды.

28 шілде Наурызбай ауданы отбасылық кітапханасында аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен нейротренер Балхия Балтабайқызымен кездесу кеші өтті. Кездесуге аудандағы көпбалалы аналар мен олардың қыздары қатысып, жақында жарыққа шыққан «Сенің сырласың» кітабы талқыланды.

11 тамыз Наурызбай ауданы ардагерлерінен құрылған «Арай» шығармашылық ұжымы қазақтың Ұлы ақыны Абай еліне тағзым етіп қайтты.

12 тамыз Жастар күніне орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасымен бірге ашық аспан астындағы кинокөрсетілім ұйымдастырылады. Кинокеште «Патриоттар уақыты» фильмі көрсетілді.

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік шара өтті.

30 тамыз Конституция күніне орай әр түрлі сала мамандарымен құттықтау бейнеролигі түсірілді.

1 қыркүйек ауданда әлемдік стандарттарға сай жабдықталған 2400 балаға арналған екі жаңа мектеп, Қалқаман шағынауданында №206 және Қарғалы шағынауданында «Заман» жекеменшік мектептері ашылды.

10 қыркүйек «Қала күні» қарсаңында Наурызбай ауданы жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті.

12 қыркүйек «Алматы қаласы күні» мерекесіне орай ауданның ардагерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спартакиада өтті.1 орын – «Ақжар» шағынауданы командасы;        2 орын – «Қалқаман» шағынауданы командасы;  3 орын – «Таусамалы» шағынауданы командасы.

13 қыркүйек «Қала күні» қарсаңында әнші, сазгер Роза Есенгельдиеваның «Іздеген жетер мұратқа» кітабының тұсаукесері өтті.

14 қыркүйек күні «Алматы қаласы күні» мерекесіне орай ауданның жас мамандары арасында ұйымдастырылған «Алматы туризмін дамыту» атты пікірталас өтті.

1 орын - «Ақиқат» фракциясы;                                  2 орын - «Аргумент» фракциясы;                              3 орын - «Руханият» фракциясы.

17 қыркүйек Қала күніне арналған ауданның басты шарасы мерекелік концерт өтті.

18 қыркүйек Қала күні қарсаңында Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Сана Жандайдың қолдауымен Наурызбай ауданындағы жалғызбасты зейнеткерлерге құттықтау шарасы ұйымдастырылып, мерекелік сыйлықтар табысталды.

18 қыркүйек «Алматы қаласы күні» мерекесіне орай ауданның білім мекемелерінің жастары арасында «Мың боялған алып шаһар – Алматы» атты ең үздік бейне құттықтау байқауы ұйымдастырылды.
1 орын - №174 мектеп-гимназияcы.

20 қыркүйек «Алматы қаласы күні» мерекесіне орай білім мекемелерінің ұстаз бен оқушылары арасында «Алматым жүрегімде» атты ән байқауы өтті. Сайыс нәтижесі бойынша

I орынды №174 МГ, II орынды №206 МГ, III орынды №192 ЖББМ иеленді.

21 қыркүйек    Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай латын әліпбиінде ауданның 3000 оқушысы «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында жалпы ашық диктант жазды. 

22 қыркүйек – «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры»құрмет белгісінің иегері Асылы Осман Әлиқызымен «Тіл - достықтың көпірі» атты тақырыпта кездесу өтті.

29 қыркүйек «Ұстаздар күні» мерекесіне орай ауданның білім мекемелерінің басшылары мен өз саласында жетістікке жеткен білікті ұстаздары аудан әкімімен құттықталып, марапатталды.

Барлығы 20 шара өтті

ІV тоқсан:

20 қазан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырылғандарды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті.

22 қазан «Республика күніне» арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

22 қазан «Республика күні» ұлттық мерекесіне орай ауданның басты ашарасы мерекелік концерт өтті.

24 қазан «Республика күні» мерекесіне орай Наурызбай жастарының қатысуымен қала бойынша көліктер шеруі өтті.

24 қазан спорттық ойындарды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Республика күні» мен «Қарттар айлығын» мерекелеу аясында аудан ардагерлері арасында спартакиада өтті.

25 қазанда Наурызбай ауданының тұрғындары үшін Ақжар және Қалқаман шағынаудандарында екі саябақ ашылды.

25 қазан «Мен ел патриотымын» атты оқушылар арасында патриоттық шығармаларды мәнерлеп оқу сайысы өтті.

25 қазан мектеп оқушылары арасында «Өнеріміз саған, Қазақстан» патриоттық челлендж өтті.

11 қарашада Оқушылар сарайында білім беру ұйымдарының мектеп және студенттік парламенттерінің «Ер – көшбасшым!» жетекшілерінің шеруі өтті.

17 қараша қазақтың халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Мұхтар Шаханов – күрескер ақын» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

21 қараша аудандық білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында «Құқығым бар» эссе байқауы өтті.

5 желтоқсан  аудан жастарымен «Тәуелсіздіктің шежіресі» тарихи кеш өтті.

6-15 желтоқсан Наурызбай ауданы мектептерінде «Тәуелсіздік - бақыт жолы» тақырыбында сурет көрмесі өтті.

8 желтоқсан «Қазақстанның дамуы – жастар қолында»  тақырыбында ток – шоу өтті.

8 желтоқсан жас мемлекеттік қызметкерлермен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» дөңгелек үстел өтті.

8 желтоқсан «Қазақстанның дамуы – жастар қолында» аудан жастары арасында дебат өтті.

8 желтоқсан аудан жастары арасында бадминтоннан жарыс өтті.

8 желтоқсан отбасылық спартакиада өтті.

8 желтоқсан «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!»  дөңгелек үстел өтті.

8-15 желтоқсан «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында аудан жастарының бейнеқұттықтаулары жарияланды.

9 желтоқсан 5000 оқушы арасында «Ұлттың ұлы тұмары — Тәуелсіздік» шығарма байқауы өтті.

9 желтоқсан жас ақындар арасында «Тәуелсіздік – тірегім» жыр мүшайра өтті.

9 желтоқсан Желтоқсан оқиғасына қатысушылар арасында волейболдан жарыс өтті.

9 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Мәңгілік ел – Қазақстан» тақырыбында театрландырылған қойылымдар байқауы өтті.

9-10 желтоқсан «Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті.

9-15 желтоқсан Наурызбай ауданы мектептерінде «Гүлдене бер, Қазақстаным» мерекелік концерт өтті.

10-16 желтоқсан «Тәуелсіз елім - Қазақстан» фото-көрме ұйымдастырылды.

11 желтоқсан аудан жастары арасында «Тәуелсіздік таңы» шығармашылық байқауы өтті.

12 желтоқсан «Тарих тағлымы» аудан жастары Алматы қаласындағы мұражайларға саяхат жасады.

12 желтоқсан  «Қазақстан мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі» екі тілде пікірталас өтті.  

12-13 желтоқсан «Тәуелсіздік – ел ертеңі» қолөнер бұйымдарынан көрме өтті.              

13 желтоқсан «Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!» 14-16 жас аралығындағы оқушылар арасында эстафеталық жарыс өтті.

13 желтоқсан аудан жастары арасында шахматтан турнир өтті. 

13 желтоқсан  аудан мектеп оқушылары арасында «Патриоттық әндер» байқауы өтті.

13 желтоқсан «Тәуелсіздік ең қымбат қазынам» атты суретшілер байқауы өтті.

13 желтоқсан «Шапағат» күндізгі болу орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық шарасы өтті.

7-14 желтоқсан «Желтоқсан қарлығаштары» барлық мектептерде желтоқсаншылармен кездесу өтті.

14 желтоқсан балалар үйінде тәрбиеленушілерге желтоқсан оқиғасына қатысушылардың қайырымдылық шарасы өтті.

14 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Қазақстанның халық әртісі, актер Тұңғышбай Жаманқұлов, ақын Мұратхан Шоқан және желтоқсан оқиғасына қатысушылар, Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары мен ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Тәуелсіздік - тарихыммен тамырлас» атты ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

14 желтоқсан аудан жастары арасында волейболдан жарыс өтті.

14 желтоқсан «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» отбасылық эстафета өтті.

5-15 желтоқсан аудандағы барлық емханаларда ашық есік күндері өтті.

5-15 желтоқсан аудандағы егде жастағы зейнеткерлерге үйде медициналық тексеріс жүргізілді.

12-15 желтоқсан «Ақын өлеңдері – шындықтың айнасы» әдеби эстафета өтті.

12-15 желтоқсан Желтоқсан оқиғасында зардап шеккен қатысушылардың Мәслихат депутаттары үйіне барып сыйлықтар табыстап, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

15 желтоқсан «Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат» поэзия кеші өтті.

15 желтоқсан әлеуметтік желіде «Мен үшін Тәуелсіздік...» челленджі өтті.

15 желтоқсан  жасөспірімдер арасында «Асық атудан» аудандық жарыс өтті.

15 желтоқсан жалғызбасты зейнеткерлерге желтоқсан оқиғасына қатысушылардың қайырымдылық шарасы өтті.

17 желтоқсан желтоқсан құрбандарын еске алу асы өтті.

20 жетоқсан Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында ерекше қажеттіліктері бар және әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыда тәрбиеленуші 500 балаға арналған мерекелік қойылым көрсетіліп, жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

20-25 желтоқсан аудандағы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын (мүкіндігі шектеулі, көп балалы, аз қамтылған және т.б.) отбасыларда тәрбиеленуші 1 500 балаға аудан әкімі атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

22 желтоқсан - 5 қаңтар аралығында эстрада жұлдыздары және аниматорлардың қатысуымен 2 сағаттық жаңа жылдық концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

24 желтоқсан алғаш рет қазақ күресінен Алматы қаласының ұстаздары арасында «Ұстаз Барысы» турнирі өтті.

27 желтоқсан Аманат партиясының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларды «Медеу» мұз айдынына қыдыртып, сыйлықтар табыстау қайырымдылық шарасы өтті.

Барлығы 55 шара өтті.

2022 жылы өткен шаралардың жалпы саны: 146

Мәдени іс-шаралар – 59

Спорттық сайыстар – 26

Конференциялар, дөңгелек үстел т.б. – 40

Қайырымдылық шаралар – 21

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2022