Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2022 ж. IV тоқсанында атқарылған жұмыстары есебі

Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2022 ж. IV тоқсанында атқарылған жұмыстары есебі

  1. Сумен жабдықтау

          Инженерлік желілерді дамыту аясында 8 шағынауданға (Құрамыс, Таужолы, Жайлау, Ақжар, Қарғалы, Шұғыла, Тастыбұлақ және Таусамалы)  жоба жасалынып, ағымдағы жылы 5 шағынауданда (Құрамыс, Таужолы, Жайлау, Қарғалы, Таусамалы) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

          Бүгінгі таңда 129,5 шақырым су құбыры және 65,9 шақырым               кәріз желілерінің құрлысы жүргізілді (жоба бойынша 149,6 шақырым су құбыры          74,8 шақырым кәріз құбырының құрылысы қарастырылған ).

          Қарғалы өзенінде өнімділігі тәулігіне 15 000 м3 ұлғайта отырып, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Қарғалы су сүзгілеу станциясының» құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта корпусты орнату толығымен аяқталды. Ішкі инженерлік желілерді монтаждау және ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ көлденең тұндырғышты гидрооқшаулау жұмыстары іске асырылуда.

          «Ақсай су сүзгілеу станциясының» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, конкурстық процедуралар аяқталды. Бүгінгі күні «Integra» ЖШС мердігер мекемесінің күшімен су сүзгілеу станциясының орналасатын жерін тегістеу және дайындау жұмыстары жүргізілуде.

           «Qazaq stroy» ЖШС күшімен ауыз су қысымын арттыру мақсатында 5 ұңғыманы бұрғылау арқылы екінші көтеру сорғы станциясының жобасы іске асырылуда. Қазіргі таңда 2 ұңғыманың құрылысы аяқталып, штаттық режимде қалыпты жұмыс жасауда.

          «Alatau Golf Residences» тұрғын үй кешеніндегі 12 блок 320 пәтерді  ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында сағатына 25 куб су жинайтын су ұңғымасының құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда штаттық режимде қалыпты жұмыс жасауда

          «АГС-Пласт» ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен 19 шақырым. су құбыры (14 шақырым аяқталды) және 15,7 шақырым кәріз (12,5 шақырым аяқталды) құрылысы жүргізілуде. Жалпы 22 көшеде 1452 тұрғын үй орталық сумен қамтамасыз етіледі.

«Толағай-2050» ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен 19 шақырым. су құбыры (17,5 шақырым аяқталды) және 9 шақырым кәріз (8 шақырым аяқталды) құрылысы жүргізілуде. Жалпы 21 көшеде орталық сумен қамтамасыз етіледі.

Апаттық желі бойымен Жүнісова 1 көшесінде орналасқан ұңғымадан   ДУ-325 мм болаттан жасалған су құбырлары тартылды. «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің жалпы ұзындығы 408м су құбырын тарту жұмыстары аяқталды.

Көктем, жаз, күз айларында арнайы техникамен ауыз су жеткізу ұйымдастырылады. Жұмырылдырған арнайы техниканың саны 10 бірлік.

Бұл бағыттағы жұмыстар бөлім мамандарының үнемі бақылауында.

  1. Электрмен жабдықтау

          Алматы қаласы әкімдігінің 04.10.2019 ж. №4/573, 21.11.2019 ж. №4/621, 27.05.2020 ж. №2/170 және 19.01.2022 ж. № 1/4 қаулыларына сәйкес барлығы - 80 дана трансформаторлық қондырғылар (бұдан әрі-ТҚ) және 202,4 шқ. электр желілері «Алатау Жарық компаниясы» АҚ тегеріміне берілді. Қазіргі уақытта тұтынушыларға дербес шоттарды ашу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

         Ағымдағы жылы «Премьера» тұрғын үй кешенінің электр желілерімен      6 дана ТҚ «АЖК» АҚ теңгеріміне өткізіліп, 29 көп қабатты тұрғын үй          2175 пәтерге дербес шотарды ашу жұмыстары атқарылды.

          Ағымдағы жылы Наурызбай ауданында 6 ( Қалқаман ш.а.  № 3671, 3654, 3652, 3651, 3672. Қарағайлы ш.а. № 3303) трансформаторлық қондырғы күрделі жөндеуден, 16 ( Қарағайлы  ш.а.   № 3304, 3305, 3306, 3307, 3307. Таусамалы ш.а.  № 3101, 3102, 3103, 3104, 3106, 3107, 3109. Құрамыс ш.а.  № 3200, 3201, 3202) трансформаторлық қондырғы тұрақты жөндеуден өткізілді.                                                    

  1. Газбен жабдықтау

          Наурызбай ауданындағы газ желілерінің жалпы ұзындығы: 778,3 км

(Оның ішінде 390 км – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, 388,3 км – «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС тиесілі).

          2019-2020 жылдары газ шаруашылығының жеткізушілерімен және «Темел груп» ЖШС монтаждау ұйымымен бірлесіп «Халық банк» АҚ акциясы шеңберінде 56 мекенжай бойынша ХӘОТ (аз қамтылған және көп балалы отбасылар) газбен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстары аяқталды.

          2021 жылы ЭжСБ және «Airvision» ЖШС бірлесіп ХӘОТ 33 абоненті газдандырылды.

          2022 жылға ЖТҚ газдандырылмаған абоненттерінің саны 247 7 үйді  құрады, газдандырылмаған абоненттерге тексеру жүргізілгеннен кейін барлығы 81 бірлік анықталды (оның ішінде 67-і-тәуекел Н-Алғабас абоненттері, 17-і – «КазТрансГазАймақ»АҚ абоненттері). Оның ішінде аз қамтылған отбасылардың саны 46 абонент құрайды.

  1. Аппаттық қалпына келтіру жұмыстары

«Алматы Су» КММ аппатық қызметінің күшімен есепті кезеңде             902 апаттық жағдай жойылды. (жер асты - 378, құдық ішінде - 524).

«Алатау жарық компаниясы» АҚ күшімен есепті кезеңде 10 апаттық жағдай жойылды.

  1. Жылумен жабдықтау

Жылыту маусымы  17 қазанынан басталғалы «АлЖЖ» ЖШС-гі ұйым инженерлері күшімен 6 денсаулық сақтау, 3 білім беру нысандары және ПИК қызметкерлерімен бірлесе 364 көпқабатты тұрғын үйлер орталықтанған жылу жүйесіне қосылып штаттық режимде жұмыс істеуде.

«Алматы Жайлы қалалық орта басқармасының» тапсырысы бойынша Шұғыла шағынауданы «Агидель-АС» ЖШС- мен қазандықтың құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. Қазандықтың қолданыстағы қуаты 97 Гкал/сағ құрайды. Қазандықтың қуатын 197 Гкал/сағ. (1,600 000 м2 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету) күшейту жоспарлануда.

         Тұрғындардың ыстық суды ластау туралы өтініші бойынша коммуналдық кәсіпорындардың қатысуымен көшпелі жиын ұйымдастырылды.Химиялық зертхананың бөлімшесі судың мөлдірлігін талдау үшін қазандықтан және СЖ жүйесінен сынама алды.  «Алматы жылу желілері» ЖШС арнайы техниканы тарта отырып, ағызу әдісімен жүйені шаю жұмыстарын атқарылды.

  1. ТКШ «Жаңғырту»

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылы 5 үйде жұмыстар жүргізілді.

2019 жылы «ТКШ жаңғырту» бағдарламасы аясында 7 үйдің шатыры мен инженерлік желілерін жөндеу жұмыстары аяқталды

2020 жылы жұмыстарды орындаудың сметалық құнын анықтау бойынша есеп жүргізу үшін Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына 12 өтінім жіберілді.

2020 жылы Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ұсынған жұмыстардың құнын есептеу нәтижелері бойынша бағдарламаға 5 үйдің тұрғындары қатысуға келісім берді. Карантиндік шараларға байланысты жоғарыда аталған жұмыстар жүзеге асырылған жоқ.

2021 жылы жұмыстарды орындаудың сметалық құнын анықтау бойынша есеп жүргізу үшін Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына 7 өтінім жіберілді.

Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ұсынған жұмыстардың құнын есептеу нәтижелері бойынша бағдарламаға келесі мекен-жайлар бойынша 6 үйдің тұрғындары қатысуға келісім берді:

- Қалқаман-2 ш.а., 11 үй шатырын және инженерлік желілерді жөндеу (сметалық құны 14 млн. тг құрайды); жұмыстар аяқталды.

- Қалқаман-2 ш.а., 8-үй шатырын және инженерлік желілерді жөндеу аяқталды (сметалық құны 18 млн. тг құрайды)

- Қалқаман-2 ш.а., 1А үй шатырын және инженерлік желілерді жөндеу аяқталды (сметалық құны 23 млн. тг құрайды);

- Қалқаман-2 ш.а., 1 үйдің шатыры мен инженерлік желілері жөнделді. (сметалық құны 38 млн. тг құрайды);

- Қалқаман-2 ш.а., 7 үй шатырын жөндеу аяқталды, инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде (сметалық құны 10 млн. тг құрайды).

- Қалқаман-2 ш.а., 3 үйдің шатыры мен инженерлік желілерін ауыстыру жұмыстары аяқталды (сметалық құны 27 млн. тг. құрайды).

  1. Жер қазу жұмыстары

          Ағымдағы жылдың басынан апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін асфальт жабыны қалпына келтірмеген 104 шұңқыр анықталды.

          Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымның күшімен қазба жұмыстарынан кейін орын алған 71 шұңқырлар қалпына келтірілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

  1. Аула аумақтарын жөндеу

Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында  103  аула орналасқан. Оның ішінде 78 аула  (80%) 2015 -2022 ж. аралығында күрделі жөндеуден өткізілді.

Ағымдағы жылдың III тоқсанында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында «Шұғыла» тұрғын үй кешенінің 341/342 мекенжайында орналасқан  ауласында ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалды.

2023 жылға қаржы қаражатының бөлінуіне қарай 7 аула аумағын жөндеу жұмыстарын енгізу жоспарлануда:

- Рахат ш.а., Көкдала к-сі, 10

- Таусамалы ш.а., Ниязбеков к-сі, 97-82

- Таусамалы ш.а., Сагдиев к-сі, 53-57

- Шұғыла ш.а., 341-3 к 7-5.

- Шұғыла ш.а., 341-3 к 2-5.

- Шұғыла ш.а., 341-1 к 2-6.

- Қалқаман ш.а., 8-2

  1. Тұрғын үй кешендерімен жұмыс (МИБ)

01.01.2022  жылдан бастап аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен  350 кездесу өткізіліп «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгеріс енгізілуіне байланысты басқарудың жаңа нысанына өткізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 44 МИБ,        58 ЖС рәсімделді (221 үй - 92%). Бөлім мамандарымен аталған жұмыстарды жалғастыру үшін көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізуге жұмыс кестесі бекітілді.

  1. Құжат айналымы

2022 жылдың IV тоқсанында 1525 хат келіп түсті, оның ішінде: 44-қызметтік хат, 25 - заңды тұлғалар, 157 - жеке тұлғалар, 1299- әлеуметтік желілерден. Барлық жазбаша, ауызша түрде келіп түскен өтініштерге мерзімінде жауап берілді.

Дата публикации
29 декабря 2022