Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің 2022 жылғы есебі

Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің  2022 жылғы есебі

2022 жылдың Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 11 отырысы өткізілді.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының 8 отырысы өткізілді

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп «Жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салын ады», «Тоқтауға тыйым салынады» жол белгілерін ескермейтін автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында аудан бойынша рейдтер жүргізуден. Жыл басынан бері 60-тан астам автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Наурызбай ауданының Ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының қарауынсыз жүруін анықтау бойынша түнгі рейдтер жүргізілді.

Аудан аумағында заңсыз құрылысы жүргізіліп жатқан 35-тен аса нысан анықталып, Қала құрылысын бақылау және Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармаларына ақпарат берілді.

Наурызбай ауданында өз бетінше иеленіп алынған жер учаскелерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы 34 жер учаскесін тексеріліп, жиналған құжаттар Жер комиссиясының қарауына шығару үшін Жер қатынастары басқармасына жолданды.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қылмыс деңгейін төмендету үшін 300 СВМ бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бөлім әрдайым аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтар бойынша мүддесін қорғайды.

 

Дата публикации
28 декабря 2022