2022 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп
Наурызбай ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімімен 2022 жылы келесі жұмыстар жүргізілді.
Жол инфрақұрылымы
2022 жылы жалпы ұзындығы 30 км 28 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тастыбұлақ шағынауданында инженерлік желілер құрылысы жүргізілгеннен кейінгі жалпы ұзындығы 8,6 км жол жөндеу проблемалары шешілді.
2023 жылға Қалалық мобилділік басқармасына жалпы ұзындығы 42 км болатын 44 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге өтінім берілді.
Жаңа жол құрылысы
Ақжар шағынауданында жолдардың жаңа құрылысы жобасы аясында 24 көшеге 12,5 км жол салынды.
2023 жылы ұзындығы 32,5 км 65 көшеде жол салу көзделген.
Төле би даңғылының құрылысы
Ағымдағы жылы «ДСУ-13» мердігер мекемесімен Төле би даңғылының 1 кезеңдегі құрылыс жұмыстары аясында Алатау даңғылынан бастап Жүнісов көшесіне дейінгі аралықта жол салынды.
Жаяу жүргінші жолдар
Қалалық мобилділік басқармасымен 4км (8 көше) жаяу жүргінші жолы салынды.
«Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 4шақырым (4 көше) жаяу жүргінші жолы салынды.
Өткен жылдардағы жұмыстарды ескере отырып, ұзындығы 130 км (43%) 115 көше тротуарлармен қамтамасыз етілген.
Арық желілері
Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасымен 7 көшеде 10,6 км арық желілері салынды.
Жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, аудан аумағында арық желілерімен 87 көшеде, 91,6 км.
Сыртқы жарықтандыру желілері
«Халықтың бюджетке қатысу – 2022» бағдарламасы аясында 40 көшеге 25 км сыртқы жарықтандыру желілері салынды.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен Әшімов көшесі бойындағы сыртқы жарықтандыру желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, «Премьера» және «Елисей» ТК сыртқы жарықтандыру желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, сыртқы жарықтандыру желілерімен барлығы 47 көше (1816 жарық нүктесі) қамтамасыз етілді. Есепті кезеңде сыртқы жарықтандыру желілері 382 көше мен учаскелерде (оның ішінде бау-бақша серіктестіктері) салынды.
Сондай-ақ, 41 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылған.
«Халықтың бюджетке қатысу-2022» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 1,8 млрд теңге сомасына 47 жоба іске асырылды.
- Қалқаман (Қарғалы өзенінің бойындағы Байзақ батыр көшесі) және Ақжар (Айтматов көшесінің оңтүстік-батысында) шағынаудандарында 2 саябақ салынды.
- балаларға арналған ойын және спорт алаңдары, абаттандыру элементтері қарастырылған 5 жеке учаске абаттандырылды. (мекен-жайы: Таусамалы ш/а, Қонаев көшесі "Таусамалы" базары; Таусамалы ш / а., Қонаев көшесі, Дрозда көшесінің қиылысы.; Абай даңғылы Әшімов және Еңбек көшелерінің қиылысы.; Сәбденов көшесі № 157 ЖББМ)
- 2 жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағын жайластыру жүргізілді (Мейрам ш/а; Таусамалы ш/а., Қонаев көшесі);
- Қалқаман мен Шұғыла ш/а 5жасыл аймақта автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды.
– автотұрақты ағымдағы жөндеу, жолдарды асфальттау және өзен арқылы өтетін көпір өткелдерін орнату бойынша жобалар іске асырылды.
Көгалдандыру
Ауданның 2022 жылға арналған гүлді-сәндік безендіру көлемі 7 326 м2 құрайды. Оның ішінде, қызғалдақ – 1200 м2, раушан – 1048 м2, көпжылдықтар-1078 м2, біржылдықтар – 4000 м2 гүлдер отырғызылды.
2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 7000 ағаштарға санитарлық қырқу, 409 ағашты пішіндеп қырқу, 90 апатты ағаштарды кесу жұмыстары атқарылды.
2022 жылға аудан аумағында 3800 ағаш отырғызылды.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету:
Аудан аумағында тұрақты негізде аумақты санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 3 қоқыс шығарушы ұйым, 3 көше тазалау ұйымы және арық желілерін тазалау бойынша жұмыстар жүргізетін ұйым жұмылдырылған.
Жалпы алғанда, 2021-2022 жылдардағы қысқы кезеңдерде аталған компаниялармен жұмыстарды орындау барысында шамамен 45 мың м3 қар шығарылды, ал жазғы кезеңдерде жүргізілген апта сайынғы жергілікті сенбіліктерді ескере отырып, шамамен 130 мың м3 қоқыс шығарылды.
Алматы қаласының Құтқару қызметімен бірлесіп, өзен арналары мен өткелдерді мұз бен қатты-тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.