2022 жылдың 11 айына арналған электрондық құжат айналымы есебі

2022 жылдың 11 айына арналған электрондық құжат айналымы туралы ақпарат

Жалпы құжат айналым

Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2022 жылдың 11 айында 5073 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 263 – заңды тұлғадан, 1622 - жеке тұлғадан,  20 – директивтік, 3168 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар – 6883, оның ішінде: 259 - заңды тұлғадан, 1602 – жеке тұлғадан,  2986 – қызметтік, 2036 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 11956 құрайды.

2022 жылдың 11 айында Наурызбай ауданы әкімі аппаратындағы жалпы құжат айналым 11956 хат-хабарды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 %-ға кем (2021 ж.- 13484 құжат айналымды құрады).

Жеке және заңды тұлға өтініштері

Аудан әкімінің аппаратына 2022 жылдың 11 айында жеке және заңды тұлғадан 1885 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  7 %-ға көп (2021 ж. – 1754 өтініш келіп түскен).

Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 1885, оның ішінде                                  124 – қанағаттанарлық, 677 - түсініктеме берілді, 1084 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.

Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері - 682, көріктендіру - 337, әлеуметтік қамтамасыз ету - 71, жер мәселесі – 97, қоғамдық көлік – 75, жол және жаяу жүргіншілер жолын жөндеу - 59, ҚТҚ шығару жөнінде – 48, және де басқада мәселелер – 516.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.

Қызметтік хат-хабар

Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2022 жылдың 11 айында 3168 қызметтік хат-хабар келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 %-ға аз (2021 ж. – 3859 қызметтік хат-хабар келіп түскен).

Азаматтарды қабылдау

«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі және әкім орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 44 қабылдау өткізілді (512 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 25 қабылдау (287 адам), оның орынбасарлары – 19 қабылдау (225 адам).

Өтініштерден оң шешілгені – 125, түсініктеме берілгені - 326, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 61.

Open Almaty

«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2022 жылғы  
қаңтар-қараша айлары аралығында 184 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға көп. (2021 ж. – 172 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 184 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.

 

Дата публикации
26 декабря 2022