2022 жылдың ІІІ тоқсанындағы электрондық құжат айналым ақпараты

2022 жылдың ІІІ тоқсанындағы электрондық құжат айналымы туралы ақпарат

 Жалпы құжат айналым

Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2022 жылдың ІІІ тоқсанында 1578 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 57 – заңды тұлғадан, 525 - жеке тұлғадан,  5 – директивтік, 991– қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хатхабар – 2205, оның ішінде: 56 - заңды тұлғадан, 525 – жеке тұлғадан,  916 – қызметтік, 708 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 3783 құрайды.

2022 жылдың ІІІ тоқсанында Наурызбай ауданы әкімі аппаратындағы жалпы құжатайналым 3783 хатхабарды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1 %-ға көп (2021 ж.- 3588 құжатайналымды құрады).

Жеке және заңды тұлға өтініштері

Аудан әкімінің аппаратына 2022 жылдың ІІІ тоқсанында жеке және заңды тұлғадан 582 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  10,8 %-ға көп (2021 ж. – 519 өтініш келіп түскен).

Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 582, оның ішінде 63 қанағаттанарлық, 82 - түсініктеме берілді, 437 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылғаны – жоқ.

Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері - 140, көріктендіру - 95, әлеуметтік қамтамасыз ету - 71, жер мәселесі – 58, қоғамдық көлік – 42, жол және жаяу жүргіншілер жолын жөндеу - 28, ҚТҚ шығару жөнінде – 15, және басқа да мәселелермен – 133.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.

Қызметтік хатхабар

Сондай-ақ, аудан әкімінің аппаратына 2022 жылдың ІІІ тоқсанында 991 қызметтік хатхабар келіп түсті, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға көп (2021 ж. – 970 қызметтік хатхабар келіп түскен).

Азаматтарды қабылдау

«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі және әкім орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 16 қабылдау өткізілді (260 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 7 қабылдау (119 адам), орынбасарлары – 9 қабылдау (141 адам).

Өтініштерден оң шешілгені – 38, түсініктеме берілгені - 210, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 12.

Open Almaty

«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2022 жылғы  шілде-қыркүйек айлары аралығында 65 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға көп. (2021 ж. – 48 өтініш келіп түскен).

Қазіргі уақытта 65 өтініш қаралып, жауаптары Алматы қаласының  «Open Almaty» қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.

 

Дата публикации
17 октября 2022