Экологияны және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің Наурызбай аудандық бөлімшесінің 01.07.2022ж.-30.09.2022ж. аралығындағы атқарылған жұмыстарының есебі
- Наурызбай аудандық Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласының «Құтқару қызметінің» жұмысшыларының қатысуымен Қарғалы, Ойжайлау өзенінің бойын қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары өткізілді. Іс-шараға 2 арнайы техника мен 11 жұмыс күші жұмылдырылды. Нәтижесінде шамамен 50 м3 қоқыс қалдықтары қоқыс полигонына шығарылды.
- Қоқыс шығаратын мекемелер бойынша: «Алма Сity» тұрғын кешені, Акжар шағын ауданының контейнерлері уақытылы қоқыстан тазаланбауына байланысты, «Алғабас» ЖК, «Витмар» ЖШС төрағасына әкімшілік хаттама толтырылып, «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне» сәйкес түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
- Наурызбай аудандық Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің инспекторлары Наурызбай аудандық табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесі» және «Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы Ережесіне» сәйкес жұмыстар атқарылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505, 386 баптары бойынша жеке және заңды тұлғаларға 104 әкімшілік хаттамалар толтырылды, соммасы – 3 187 545 тг. (1 025 АЕК), оның ішінде заңды тұлғаға 16 хаттама (320 АЕК/1 015 260тг.), жеке тұлғаларға 72 хаттама (280 АЕК/881 040т.), мердігер ұйымынын 5 хаттама (70 АЕК/222 600тг.), қоқыс шығаратын мекемесіне 2 хаттама (60 АЕК/187 290тг.), ПИК-не 1 хаттама (ескерту) және жасыл желектерге зақым келтіргені үшін 8 хаттама (120 АЕК/379 845тг.) толтырылды.