Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің есебі

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің есебі

2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аудандағы салық түсімдерінің сомасы                   16,5 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 113%. Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі  132%. Оның ішінде: республикалық бюждетке 7  млрд. теңге, жергілікті бюджетке 9,5 млрд. теңге.          

2022 жылғы қаңтар-тамыздағы өндіріс көлемі 5,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 137,0%  пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 94,5 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 134,1%.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 4,4  млрд теңгені құрады, көтерме сауда көлемі  470 млн теңге.

Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 15 327, жұмыс істейтіндер- 13 357.

Қоғамдық көлік

Қазіргі таңда, аудан аумағында 24 бағытта қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.

№31, 67 маршруттар Карьерная көшесі бойымен ұзартылды.

Алатау, Абай даңғылдарын қамту арқылы №78 маршруттың схемасы өзгертілді.

№55 маршруттағы автобустардың саны 10 бірлікке дейін ұлғайтылды.Аудан аумағында бар жалпы 124 аялдама бекеттерінің, 94-і 2016-2018 жж. жаңадан орнатылды. 2019 жылы 15 жаңа аялдама орнатылды.

Ағымадағы жылы «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 10 аялдама конструкциясы орнатылды.

Жол белгілері мен таңбалары

«СМЭУ» ЖШС мердігер компаниясымен 65 жол белгісі орнатылып, 21 қайта қалпына келтірілді, 60 «жаяу жүргіншілер өткелі» жол таңбасы жаңартылды.

Аудан аумағында 5 мыңнан астам жол белгісі бар.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жиі жүргізілу үстінде.

Дата публикации
12 октября 2022