Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің 2022 жылдың 3 тоқсаны бойынша атқарған жұмысы туралы есебі
2022 жылдың 3 тоқсанында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 11 отырысы өткізілді.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының 4 отырысы өткізілді
Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп «Жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады», «Тоқтауға тыйым салынады» жол белгілерін ескермейтін автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында аудан бойынша рейдтер жүргізуден. Жыл басынан бері 60-тан астам автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудан аумағында заңсыз құрылысы жүргізіліп жатқан 9 нысан анықталып, Қала құрылысын бақылау және Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармаларына ақпарат берілді.
Наурызбай ауданында өз бетінше иеленіп алынған жер учаскелерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы 15 жер учаскесін тексеріліп, жиналған құжаттар Жер комиссиясының қарауына шығару үшін Жер қатынастары басқармасына жолданды.
Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қылмыс деңгейін төмендету үшін 300 СВМ бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.