Наурызбай ауданы әкімінің аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 3 тоқсанда атқарған іс-шаралар есебі
1 шілде “Ұлттық домбыра” күні қарсаңында аудандық кітапханада жазушы, этнограф Данияр Әлбозыммен жас домбырашылардың кездесуі өтті
3 шілде күні “Ұлттық домбыра күніне” орай Наурызбай ауданы өнер орталықтарының бүлдіршіндері ұлттық күйлерден флешмоб ұйымдастырды.
6 шілде күні “6 шілде - Астана күні” мерекесіне орай аудан тұрғындары мен қала қонақтарына арналған эстрада жұлдыздары мен аудандағы өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама, ұлттық бұйымдар көрмесі, "Bilim club" өнер орталығының 100 жас суретшілерінің көрмесі, шахматтан спорттық сайыс, балабақша бүлдіршіндері арасында асфальтта сурет салу сайысы, сонымен қатар, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырылды.
28 шілде күні Наурызбай ауданы отбасылық кітапханасында аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен нейротренер Балхия Балтабайқызымен кездесу кеші өтті. Кездесуге аудандағы көпбалалы аналар мен олардың қыздары қатысып, жақында жарыққа шыққан "Сенің сырласың" кітабы талқыланды.
11 тамыз күні Наурызбай ауданы ардагерлерінен құрылған “Арай” шығармашылық ұжымы қазақтың Ұлы ақыны Абай еліне тағзым етіп қайтты.
12 тамызда жастар күніне орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасымен бірге ашық аспан астындағы кинокөрсетілім ұйымдастырылады. Кинокеште “Патриоттар уақыты” фильмі көрсетілді.
30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік шара өтті.
30 тамызда Конституция күніне орай әр түрлі сала мамандарымен құттықтау бейнеролигі түсірілді.
1 қыркүйек күні ауданымызда әлемдік стандарттарға сай жабдықталған 2400 балаға арналған екі жаңа мектеп, Қалқаман шағынауданында №206 және Қарғалы шағынауданында "Заман" жекеменшік мектептері ашылды.
10 қыркүйек күні “Қала күні” қарсаңында Наурызбай ауданы жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті.
12 қыркүйек күні Алматы қаласы күні мерекесіне орай ауданның ардагерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спартакиада өтті.
1 орын - “Ақжар” шағынауданы командасы; 2 орын - “Қалқаман” шағынауданы командасы; 3 орын - “Таусамалы” шағынауданы командасы.
13 қыркүйек күні “Қала күні” қарсаңында әнші, сазгер Роза Есенгельдиеваның “Іздеген жетер мұратқа” кітабының тұсаукесері өтті.
14 қыркүйек күні «Алматы қаласы күні» мерекесіне орай ауданның жас мамандары арасында ұйымдастырылған «Алматы туризмін дамыту» атты пікірталас өтті.
1 орын - «Ақиқат» фракциясы; 2 орын - «Аргумент» фракциясы; 3 орын - «Руханият» фракциясы.
17 қыркүйек күні Қала күніне арналған концерт өтті.
18 қыркүйек күні Қала күні қарсаңында Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Сана Жандайдың қолдауымен Наурызбай ауданындағы жалғызбасты зейнеткерлерге құттықтау шарасы ұйымдастырылып, мерекелік сыйлықтар табысталды.
18 қыркүйек күні "Алматы қаласы күні" мерекесіне орай ауданның білім мекемелерінің жастары арасында "Мың боялған алып шаһар - Алматы" атты ең үздік бейне құттықтау байқауы ұйымдастырылды.
1 орын - №174 мектеп-гимназияcы.
20 қыркүйек күні “Алматы қаласы күні” мерекесіне орай білім мекемелерінің ұстаз бен оқушылары арасында “Алматым жүрегімде” атты ән байқауы өтті. Сайыс нәтижесі бойынша
I орынды №174 МГ, II орынды №206 МГ, III орынды №192 ЖББМ иеленді.
21 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай латын әліпбиінде ауданның 3000 оқушысы «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында жалпы ашық диктант жазды.
"22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні" мерекесіне орай, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында №15 мектеп - интернатында, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің және "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері Асылы Осман Әлиқызымен "Тіл - достықтың көпірі" атты тақырыпта кездесу өтті.
29 қыркүйек күні “Ұстаздар күні” мерекесіне орай ауданның білім мекемелерінің басшылары мен өз саласында жетістікке жеткен білікті ұстаздары құттықталып, марапатталды.