Наурызбай ауданы әкімі аппаратының 2022 жылғы ІІІ тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы есебі
Қаржы-шаруашылық бөлімі:
2022 жылы бюджеттен бөлінген сомасы 3 801 835,3 мың теңге. 2022 жылғы ІІІ тоқсанда қабылданған міндеттемелердің сомасы 3 715 592,1 мың теңге (98%) құрайды, жылдың басынан бастап 3 030 541,6 мың теңге (80%) төленді.
001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 367 760 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 311 778 663 тг, 275 296 391 тг төленді.
003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге 31 790 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 24 086 076 тг, 24 086 076 тг төленді.
006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға 26 000 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 6 944 000 тг, 4 000 000 тг орындалды.
008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 197 089 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 197 089 000 тг, 156 588 992 тг төленді.
009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 854 363 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 854 295 376 тг, 645 454 979 тг төленді.
011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыруға 2 318 931 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 2 315 496 855 тг, 1 919 212 999 тг төленді.
107 Жергілікті бюджет резерві есебінен іс-шаралар жүргізуге 5 902 300 тг, қабылданған міндеттемелердің сомасы 5 902 217 тг, 5 902 217 тг төленді.