Мемлекеттік құқық бөлімінің шілде айында атқарған жұмыстар

Шілде айында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2 отырысы өткізілді.

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметкерлері "жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады", "тоқтауға тыйым салынады" жол белгілерін ескермейтін автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында Наурызбай аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге аудан бойынша рейдтер жүргізілді. Шілде айында 16 әкімшілік хаттама толтырылды.

Наурызбай ауданының Ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша түнгі рейдтер жүргізілді.

Наурызбай ауданындағы өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы 15 жер учаскесі қаралып, жиналған құжаттар жер комиссиясының қарауына енгізу үшін Алматы қаласының Жер қатнастары басқармасына берілді.

Бөлім аудан әкімі аппаратының мүддесін сотта, сондай-ақ басқа да органдарда аудан әкімі аппараты қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен тұрақты түрде қатысады.

Дата публикации
09 августа 2022