Аудан әкімі аппаратының 2022 жылғы 7 айда атқарған жұмыстары туралы есебі

Наурызбай ауданы әкімі аппаратының 2022 жылғы 7 айда атқарған жұмыстары туралы есебі

 Қаржы-шаруашылық бөлімі:

2022 жылы бюджеттен бөлінген сомасы 3 795 933,0 мың теңге.

2022 жылғы 7 айда қабылданған міндеттемелердің сомасы 3 559 408,1 мың теңге (94%) құрайды, жылдың басынан бастап міндеттемелер бойынша 1 879 904,7  мың теңге (48%) төленді.

001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 367 760 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 214 618 956 тг, 190 452 412 тг төленді.        

003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге 31 790 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 18 863 326 тг, 18 863 326  тг төленді.      

006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға 26 000 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 7 000 000 тг, 4 000 000 тг орындалды.

008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 197 089 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 197 089 000 тг, 129 088 999 тг төленді.

009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 854 363 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 814 636 711  тг, 505 124 980 тг төленді.

011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыруға 2 318 931 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 2 307 256 119 тг, 1 031 875 000 тг төленді.

Дата публикации
08 августа 2022