Электрондық құжат айналымының 7 айлық ақпараты

2022 жылдың 7 айына арналған электрондық құжат айналымы туралы ақпарат

Жалпы құжат айналымы

Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2022 жылдың 7 айында  2858 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 118 – заңды тұлғадан, 902 - жеке тұлғадан,  11 – директивтік, 1827 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар – 3813, оның ішінде: 116 - заңды тұлғадан, 880 – жеке тұлғадан,  1636 – қызметтік, 1181 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 6671 құрайды.

2022 жылдың 7 айында  Наурызбай ауданы әкімі аппаратындағы жалпы құжат айналым 6671 хат-хабарды құрайды, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 14 %-ға аз (2021 ж.- 7787 құжат айналымды құрады).

Жеке және заңды тұлға өтініштері

Аудан әкімінің аппаратына 2022 жылдың 7 айында  жеке және заңды тұлғадан 1020 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  10,2 %-ға аз (2021 ж. – 1124 өтініш келіп түскен).

Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 1020, оның ішінде 98 – қанағаттанарлық, 209 - түсініктеме берілді, 713 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылғаны – жоқ.

Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері - 276, көріктендіру - 139, әлеуметтік қамтамасыз ету - 109, жер мәселесі – 93, қоғамдық көлік – 57, жол және жаяу жүргіншілер жолын жөндеу - 43, ҚТҚ шығару жөнінде – 22, және де басқада мәселелер – 281.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.

Қызметтік хат-хабар

Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2022 жылдың 7 айында  1827 қызметтік хат-хабар келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2 %-ға аз (2021 ж. – 2087 қызметтік хат-хабар келіп түскен).

Азаматтарды қабылдау

«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі және әкім орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 48 қабылдау өткізілді (497 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 25 қабылдау (287 адам), оның орынбасарлары – 23 қабылдау (210 адам).

Өтініштерден оң шешілгені – 81, түсініктеме берілгені - 370, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 46.

Open Almaty

«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2022 жылы  қаңтар-шілде айлары аралығында 87 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға аз. (2021 ж. – 95 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 87 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.

Дата публикации
08 августа 2022