Наурызбай ауданы әкімі аппаратының 2022 жылғы ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы есебі
Қаржы-шаруашылық бөлімі:
2022 жылы бюджеттен бөлінген сомасы 3 691 591,0 мың теңге. 2022 жылғы ІІ тоқсанда қабылданған міндеттемелердің сомасы 3 498 506,7 мың теңге (95%) құрайды, жылдың басынан бастап міндеттемелер бойынша 1 310 834,5 мың теңге (36%) төленді.
001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 308 249 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 188 239 700 тг, 159 115 545 тг төленді.
003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге 31 790 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 14 630 064 тг, 14 630 064 тг төленді.
006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға 7 000 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 7 000 000 тг, 4 000 000 тг орындалды.
008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 197 089 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 197 089 000 тг, 116 088 991 тг төленді.
009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 828 532 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 814 636 711 тг, 433 431 200 тг төленді.
011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыруға 2 318 931 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 2 276 967 319 тг, 581 875 000 тг төленді.